БҰҰ Бас Ассамблеясында тараптар келісе алмады

© AP Photo / Cliff OwenПроизраильские демонстранты размахивают флагами в направлении Капитолия в Вашингтоне
Произраильские демонстранты размахивают флагами в направлении Капитолия в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2023
Жазылу
Жұма күні БҰҰ Бас Ассамблеясының Израиль мен Палестинаны тез арада бітімге келуге шақыратын қарарына дауыс беру біраз жайттың бетін ашты. Сол күнгі мәселелер бойынша Вашингтонның пікірі ешкімді қызықтырмады. АҚШ БҰҰ-да өзін толығымен дерлік оқшауланған күйде сезінді, деп жазды РИА Новости.
Араб елдері ұсынған қарардың мәні толығымен қарапайым. Бұл қақтығысқа қатысушы барлық тарапқа атысты тоқтатып, бітімге келуді, кепілге алынған азаматтарды босатуды және жазықсыз әйелдерді, қарттар мен балаларды өлтірмеуді талап етеді. Бұл түсінікті, адамгершілікке негізделген идея және оны әлем елдерінің басым көпшілігі мақұлдады.
Қарарға 14 ел қарсы шықты. Тізімді АҚШ пен Израиль бастап тұр. Одан кейін Австрия, Венгрия, Чехия және Хорватия, Парагвай, Гватемала, Фиджи, Тонга, Маршалл аралдары, Микронезия, Науру және Папуа-Жаңа Гвинея да бар.
"Бұл Вашингтон өзінің сыртқы саясатында сүйенетін одақтастары. Олардың ықпалы мен әскери күш-қуатын сөз етудің қажеті жоқ. Бастысы, Жер ғаламшары тұрғындарының басым көпшілігін құрайтын барлық жетекші мемлекеттер БҰҰ-да Палестина мен Израиль жерінде қан төгуді тоқтатуды жақтап сөйледі", - деп жазылған материалда.
Шын мәнінде, БҰҰ-да дауыс берудің тарихы өте қызықты тақырып. 2008 жылы неміс ғалымдары америкалықтардың отыз жыл ішінде БҰҰ-ға мүше жүз қырық үш елдің дауысын қалай сатып алғаны туралы зерттеуді жариялады. Осы мақсатта мемлекеттік бюджетке қаражат құю, жеке гранттар, санкциялармен бопсалау қолданылды.
Соңғы бір жарым жыл ішінде АҚШ өкілдері Ресейге қарсы қарарларға басым елдің дауыс беруіне ұмтылып, БҰҰ-ның айналасында белсенділік танытты. Алайда Палестина – Израиль жағдайында бәрі басқаша қалыптасты.
Франция, Бельгия, Испания, Португалия және Ирландия араб елдерінің атысты тоқтату туралы қарарын қолдады. Ұлыбритания мен Германия дауыс беруден қалыс қалды. Вашингтонның жақын әрі сенімді одақтастары Канада, Австралия, Жапония да қалыс қалды. Тіпті АҚШ толықтай қолдау көрсетіп отырған Украина да америкалықтар қалағандай дауыс бермеді.
Кішкентай Доминикан Республикасынан Аргентина мен Бразилияға дейін бүкіл Латын Америкасы АҚШ-қа қарсы шықты. Неліктен мұндай болды? Біріншіден, заманауи қақтығыстардың қалай болып жатқаны анық көрініп тұр. Олар мыңдаған камераларға түсіріліп, нақты уақытта көрсетіліп жатыр. Әлемнің кез келген жеріндегі көрермендер не болып жатқанын тікелей және егжей-тегжейлі көре алады.
Бүгінде Израиль мен Палестинада болып жатқан жағдайдың қорқыныштылығы сонша, әлемдік аудитория бұл қырғынды тоқтатуды талап етті. Мыңдаған митингтер өтіп, адамзат саясаткерлерге қантөгісті тоқтату үшін бәрін жасаңдар деп айқайлап жатыр.
Бүгінде араб елдерінің қарарына қарсы дауыс беру – өз еліңдегі көп адамды өзіңе қарсы қойып, тарихта атыңды соғыс қоздырушы ретінде жазу болады. Бұл кімге керек? Сонымен қатар Бас ассамблеядағы дауыс беру барлығы Вашингтон режимінің сыртқы саясатынан қатты шаршағанын көрсетті.
РИА Новости жазғандай, әлем елдері Вашингтонды орнына қойғысы келді. Америкалықтар үшін бұл үлкен соққы болғанымен, олар бұл жағдайға да Ресейді, анығында Путинді кінәлап отыр. Олар Ресей мен Қытай басшылары "әлемдік тәртіпті қайта құрады" деп алаңдаулы. Ал анығында қандай әлемдік тәртіп? Дәл қазір әр сәтте Газа секторында жүздеген бала, әйел мен қария өліп жатыр. Әлеуметтік желіде шаршаған медицина қызметкерінің жерге құлап, көзіне жас алғаны түсірілген видео тарады. Оның қандай сұмдықты көргенін елестету қиын емес. Егер ЦАХАЛ толық ауқымды жерүсті операциясын бастауға шешім қабылдаса, ХАМАС міндетті түрде жауап береді. Содан кейін Израильде бейбіт тұрғындар өле бастайды және бұл барған сайын ушыға береді.
АҚШ бір кездері аймақтағы ықпалын осы сұмдықты тоқтатуға салуы керек. Бірақ Вашингтон Ресей мен Қытайдың әлемдік тәртіпті реттеуіне жол бермеуге алаңдаулы. Ресей, Қытай және басқа да жаһан мемлекеттері Газа мен Израильдегі жазықсыз адамдарды өлтіруді тоқтату үшін бар күш-жігерін салып жатыр.
Жаңалықтар
0