https://sputnik.kz/20231030/batys-zhane-zhanadan-qurylgan-onirlerdin-talapkerleri-ushin-qanday-bilim-granttary-bar-39748397.html
Батыс және жаңадан құрылған өңірлердің талапкерлері үшін қандай білім гранттары бар
Батыс және жаңадан құрылған өңірлердің талапкерлері үшін қандай білім гранттары бар
Sputnik Қазақстан
Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлері еліміздің 41 жетекші ЖОО-да оқуға мүмкіндік алды 30.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-30T11:47+0500
2023-10-30T11:47+0500
2023-10-30T11:57+0500
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15437912_0:113:3239:1935_1920x0_80_0_0_511a5473bfe4961bc033120a9caa5b2e.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. 2023-2024 оқу жылына батыс, халық тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған өңірлерден келген жастарға 5000 грант бөлінді, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.Оның ішінде Атырау облысының жастарына 1500 грант, Маңғыстау облысының – 1500, Түркістан облысының – 500, Шымкент қаласының - 400, Абай облысының - 500, Жетісу облысының - 300, Ұлытау облысының - 300.Ведомсто мәдіметінше, бөлінген гранттар толықтай игерілді.Білім беру гранттары педагогикалық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары сияқты дайындық бағыттары бойынша бөлінген.Нысаналы білім беру гранттарының негізінде Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлері еліміздің 41 жетекші ЖОО-да оқуға мүмкіндік алды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15437912_254:0:2985:2048_1920x0_80_0_0_ac0b277e600f487c28d4d63b04775260.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім гранттары
Батыс және жаңадан құрылған өңірлердің талапкерлері үшін қандай білім гранттары бар
11:47 30.10.2023 (жаңартылды: 11:57 30.10.2023) Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлері еліміздің 41 жетекші ЖОО-да оқуға мүмкіндік алды
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. 2023-2024 оқу жылына батыс, халық тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған өңірлерден келген жастарға 5000 грант бөлінді, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Оның ішінде Атырау облысының жастарына 1500 грант, Маңғыстау облысының – 1500, Түркістан облысының – 500, Шымкент қаласының - 400, Абай облысының - 500, Жетісу облысының - 300, Ұлытау облысының - 300.
Ведомсто мәдіметінше, бөлінген гранттар толықтай игерілді.
"2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша білім беру грантының жаңа түрі – "Халық тығыз орналасқан және батыс өңірлердегі жетекші жоғары оқу орындарында жастарды оқытуға арналған нысаналы білім беру гранты" айқындалды. Бұл Атырау және Маңғыстау облыстарының мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарында оқу үшін нысаналы гранттар алуға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.
Білім беру гранттары педагогикалық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары сияқты дайындық бағыттары бойынша бөлінген.
Нысаналы білім беру гранттарының негізінде Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлері еліміздің 41 жетекші ЖОО-да оқуға мүмкіндік алды.