Әкімдік алматылық көлік жүргізушілерге қыстық дөңгелекке көшуді ұсынды

© Sputnik / Тимур БатыршинГололед в Алматы
Гололед в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы алматылық көлік жүргізушілерге бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні Алматыда қатты жаңбыр жауып, арты сілбі қарға ұласады. Түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді, көктайғақ болады.
Осыған орай қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы алматылық көлік жүргізушілерге бірқатар кеңес берді.
"Коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел және сапалы жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік иелерінен мүмкіндігінше қала бойынша қозғалысты шектеуді сұраймыз. Жолда көктайғақтың әрі қозғалыс бөлігінде тайғанақ қабыршықтардың пайда болуына байланысты жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттырып, кенеттен маневрлер мен тежеулер жасаудан аулақ болулары тиіс", - делінген хабарламада.
Басқарма мәліметінше, мегаполистің инфрақұрылымына 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника және 1 240 жол жұмысшысы тартылды. 76 тонна көктайғаққа қарсы материалдар дайындалды.
"Биыл техниканы жаңарту және еңбекті механикаландыру мақсатында 101 бірлік техника сатып алынды. Барлық техника әмбебап. Қыста да, жазда да қолданылады",- деп атап өтті Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасынан.
Жаңалықтар
0