Әкім орынбасары қараңғыда науқасты көтеріп жүрген дәрігерлерге қатысты пікір білдірді

© PhotoНұрлан Нұркенов
Нұрлан Нұркенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2023
Жазылу
Апаттық жағдай кезінде дизельді генератор жансақтау бөлімі мен операциялық блоктарды ғана жарықпен қамтамасыз етеді
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Видео қаладағы ауруханалардың бірінде түсірілген. Кеше Есілдің сол жағалауында жаппай жарық өшіп қалғанда дәрігерлер науқасты жасанды тыныс алдыру аппаратына қосу үшін жоғары қабатқа көтеріп апарған.
"Ол видеоны біз де көрдік. Иә, жарық өшіп қалғанда кейбір әлеуметтік нысандар да электр қуатынсыз қалды. Соның ішінде емдеу мекемелері де бар. Бірақ барлық медициналық нысанда дизель генератор бірден қосылды. Осы орайда айта кеткен жөн, ережеге сәйкес, апаттық жағдай кезінде дизельді генератор жансақтау бөлімі мен операциялық блоктарды ғана жарықпен қамтамасыз етеді", - деді Нұркенов бүгінгі брифингте.
Айта кетері, кеше түнде Астанада төтенше жағдай болды. Соның салдарынан үш ауданның тұрғындары жарықсыз қалды. Бүгін әкімдік төтенше жағдайдың себебін жариялады.
Коммуналдық қызметтердің мәліметіне сәйкес, Астанада 500 мыңнан астам абонент тіркелген. Жарық өшкенде шамамен 100 мың пәтер электр қуатынсыз қалды.
Жаңалықтар
0