https://sputnik.kz/20231029/shakhtadagy-apat-tagy-2-kenshinin-mayiti-tabyldy-39735457.html
Шахтадағы апат: тағы 2 кеншінің мәйіті табылды
Шахтадағы апат: тағы 2 кеншінің мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
Қираған шахта жабдықтары, сондай-ақ кей жерлерде үйінділердің болуы іздеу жұмыстарын қиындатып жатыр 29.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-29T13:29+0500
2023-10-29T13:29+0500
2023-10-29T13:30+0500
шахта
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37749013_0:0:1278:719_1920x0_80_0_0_2f1c2c7c3beac37c5fe620cfffe12b55.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің саны 38 адамға жетті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.Ведомствоның мәліметінше, қираған шахта жабдықтары, сондай-ақ кей жерлерде үйінділердің болуы іздеу жұмыстарын қиындатып жатыр.Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.Еске сала кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Костенко атындағы шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Апат кезінде 252 адам жер астында болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды. Бұған дейін 36 адам қаза болғаны хабарланған еді.
https://sputnik.kz/20231029/kostenko-atyndagy-shakhtada-qaza-tapqandar-sany-36-ga-zhetti-39732533.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37749013_0:0:960:719_1920x0_80_0_0_2eca0e913061fe519fb8581fd1fc448d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта
Шахтадағы апат: тағы 2 кеншінің мәйіті табылды
13:29 29.10.2023 (жаңартылды: 13:30 29.10.2023) Қираған шахта жабдықтары, сондай-ақ кей жерлерде үйінділердің болуы іздеу жұмыстарын қиындатып жатыр
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің саны 38 адамға жетті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"29 қазан сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Костенко атындағы шахтада 38 адамның денесі табылды, 8 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қираған шахта жабдықтары, сондай-ақ кей жерлерде үйінділердің болуы іздеу жұмыстарын қиындатып жатыр.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Костенко атындағы шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Апат кезінде 252 адам жер астында болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды. Бұған дейін 36 адам қаза болғаны хабарланған еді.