Шахтадағы апат: "Барыс" пен "Торпедо" арасындағы ойын бір минут үнсіздікпен басталды

© Официальный сайт ХК "Барыс"Игроки "Барыса"
Игроки Барыса - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2023
Жазылу
Қос команда арасындағы матч жексенбі күні Астанада өтеді
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында астаналық "Барыс" пен Нижний Новгородтың "Торпедо" командалары арасындағы кездесу Қазақстандағы шахта апатында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Бұл туралы "Барыс" хоккей клубының ресми сайты хабарлады.
"Барыс" өз алаңында екі ойынға созылатын қысқа серияда "Торпедомен" ойнайды. Кездесу Қарағанды ​​облысында қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталады", - деп жазылған болатын хоккей клубының сайтында.
Еске сала кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Костенко атындағы шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Апат кезінде 252 адам жер астында болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды. Соңғы дерек бойынша, жер астынан 42 кеншінің мәйіті табылды.
Қайғылы оқиғаға байланысты 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Жаңалықтар
0