Қазақстандық палуан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

© Photo : Olympic.kzКазахстанский борец греко-римского стиля Султан Асетулы
Казахстанский борец греко-римского стиля Султан Асетулы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Сұлтан Әсетұлы Албанияның Тиранада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
"67 келіге дейінгі салмақта финалда Асетұлы түрік спортшысы Мұстафа Йылдырымнан басым түсті. Жекпе-жек 2:1 есебімен Асетұлының пайдасына шешілді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алған тұңғыш қазақстандық болды.
Жаңалықтар
0