Костенко шахтасындағы өрт: тағы бір адамның денесі табылды

Угольная шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2023
Жазылу
Қайғылы оқиғаға байланысты 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қарағанды облысы Костенко шахтасында болған өрттен қаза тапқан 43-ші кеншінің денесі табылды. Тағы үш кенші іздестіріліп жатыр.
Еске сала кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Костенко атындағы шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Апат кезінде 252 адам жер астында болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды.
Қайғылы оқиғаға байланысты 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2023
Шахтада қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі
Жаңалықтар
0