Ақтөбеде көпірде 12 көлік жол апатына ұшырады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2023
Жазылу
Ауа райының қолайсыздығынан, жаңбыр мен суықтың салдарынан жол тайғақ болған
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. 28 қазан күні кешке Сельмаш ауданындағы жол өткелінде ірі жол апаты болып, 12 көлік соқтығысты, деп жазды Диапазон.
Полицияның мәліметінше, апатқа көктайғақ себеп болған. Ауа райының қолайсыздығынан, жаңбыр мен суықтың салдарынан жол тайғақ болған.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция жүргізушілерді абай болуға және жол апатын болдырмау үшін жылдамдық пен қашықтықты сақтауға шақырды.
Жаңалықтар
0