Өңірлер

Шахтадағы апат: төтенше жағдайлар министрі Қарағандыға барды

© Sputnik / Владислав ВодневСырым Шәріпханов
Сырым Шәріпханов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Жазылу
Шахтадағы апатты жою жоспары енгізілді
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қарағанды қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы апатты жою бойынша штабқа басшылық ету үшін төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнына барды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Апатты жою жоспары енгізілді. Қосымша тау-кен құтқарушыларының күштері тартылуда.
"Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды. Сондай-ақ, оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда Костенко атындағы шахтада апат болып, 11 адам қаза тапты. Тағы 18 адам ауруханаға түсті.
Апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 шахтер шығарылды.
Болжам бойынша лавада газ метаны жарылған.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары ашылды.
Шахтадағы апатты жою бойынша жедел штаб - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Оқиға
Қарағандыда шахтада апат болып, 11 кенші қаза тапты
Жаңалықтар
0