Қоғам

Ресей мен Беларусь президенттері Тоқаевқа көңіл айтты

Шахта имени Костенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Жазылу
Костенко атындағы шахтада апат 28 қазанға қараған түні болды
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында шахтадағы апат салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей мен Беларусь президенттері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты.
"Қарағанды ​​облысындағы көмір шахтасындағы апаттың қайғылы салдарына байланысты қайғырып көңіл айтамын. Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтамын, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Жер астында қалған кеншілерді құтқарады деп үміттенеміз", - деді Ресей президенті Владимир Путин.
Беларусь президенті Александр Лукашенко да Тоқаевқа көңіл айтты.
"Белорустер бүкіл қазақ халқымен бірге аза тұтып, олардың басынан өтіп жатқан қасірет пен орны толмас қайғыны бөліседі", - деді Беларусь президенті.
Еске салсақ, Қарағандыда Костенко атындағы шахтада апат болып, соңғы мәлімет бойынша 28 кеншінің мәйіті табылды.
Тоқаев кеншілердің отбасыларымен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Қоғам
"АрселорМиттал Теміртау" біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды – Тоқаев
Жаңалықтар
0