Қоғам

Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына ай сайын жәрдемақы беріледі

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Жазылу
Жәрдемақы республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Костенко атындағы шахтада болған апат салдарын жою жөніндегі жедел штабтың отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Оның айтуынша, қаза тапқан азаматтардың отбасыларына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалады. Ол республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді.
"Жәрдемақы көлемінің жалпы орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 400-500 мың теңгеден басталады. Егер балалар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Әзірге барлық төлемді өтеу "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына жүктеледі. Кәсіпорын ұжымдық шартқа сәйкес жылдық төлем тәуекелдерін төлеуге міндетті", – деді Светлана Жақыпова.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жерлеу рәсімдеріне байланысты барлық шығынды, сондай-ақ балаларды жоғары оқу орындарында оқытуды өз мойнына алуға тиіс.
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынға тиесілі меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру жөніндегі мәмілені ресімдеу процесі аяқталуға жақын екенін баяндады.
Апаттан зардап шеккен кеншілердің туыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Қоғам
Шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 32 адамға жетті
Жаңалықтар
0