https://sputnik.kz/20231028/qaragandyda-shakhtadagy-apattan-qaza-tapqandar-sany-osti-39722107.html
Қарағандыда шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны өсті
Қарағандыда шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны өсті
Sputnik Қазақстан
24 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр 28.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-28T13:28+0500
2023-10-28T13:28+0500
2023-10-28T13:28+0500
өңірлер
шахта
шахтерлер
https://sputnik.kz/img/99/72/997299_0:29:3076:1759_1920x0_80_0_0_0a2eecb909265d3bda7dcf15cd44eabd.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған апаттан кейін құтқарушылар 22 кеншінің мәйітін тапты, деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаменті.Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпановтың айтуынша, апат Астана уақытымен сағат 02.33-те шамамен 700 метр тереңдікте болған."Қазіргі уақытта 22 адамның мәйіті табылды, 24 кеншіні іздеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.Костенко атындағы шахтадағы құтқару жұмыстары екі кен өндіру орнында жүргізіліп жатыр.Құтқарушылардың айтуынша, көзге көрінетін өрт ошақтары жоқ. Газ жағдайы бақылауда, сынамалар алынып, мәйіттерді жер бетіне алып шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жекелеген орындарда көміртегі тотығының концентрациясы рұқсат етілген нормадан асып кеткен, деп хабарлады ведомство өкілдері.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/99/72/997299_243:0:2974:2048_1920x0_80_0_0_1d74ac9923a43e24c56e726ae99a5593.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта, шахтерлер
Қарағандыда шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны өсті
24 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған апаттан кейін құтқарушылар 22 кеншінің мәйітін тапты, деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпановтың айтуынша, апат Астана уақытымен сағат 02.33-те шамамен 700 метр тереңдікте болған.
"Қазіргі уақытта 22 адамның мәйіті табылды, 24 кеншіні іздеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Костенко атындағы шахтадағы құтқару жұмыстары екі кен өндіру орнында жүргізіліп жатыр.
Құтқарушылардың айтуынша, көзге көрінетін өрт ошақтары жоқ. Газ жағдайы бақылауда, сынамалар алынып, мәйіттерді жер бетіне алып шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жекелеген орындарда көміртегі тотығының концентрациясы рұқсат етілген нормадан асып кеткен, деп хабарлады ведомство өкілдері.