https://sputnik.kz/20231028/prezident-qaragandyda-zhedel-shtabtyn-otyrysyn-otkizdi-39726465.html
Президент Қарағандыда жедел штабтың отырысын өткізді
Президент Қарағандыда жедел штабтың отырысын өткізді
Sputnik Қазақстан
ТЖ министрінің айтуынша, апат болған шахтада жаңа өрт ошақтары байқалмайды. Жұмыс тәулік бойы жалғасады 28.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-28T15:47+0500
2023-10-28T15:47+0500
2023-10-28T15:47+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1c/39726580_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_11b9d27dd88933a2afc21f38caad508c.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.Ең алдымен, құтқару жұмыстарының барысы және қазіргі ахуал туралы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов баяндады."Апат кезінде шахтада 252 адам болған. 206 қызметкер өз бетінше көтерілді. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстарына 10 бөлімше, 55 тау-кен құтқарушы және 12 техника жұмылдырылды. Жұмыстар екі өндіру учаскесі аумағында жүргізілуде. Жаңа өрт ошақтары байқалмайды. Жұмыс тәулік бойы жалғасады, – деді Сырым Шәріпханов.Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министрінің баяндамасын тыңдап болғаннан кейін іздестіру-құтқару жұмыстарын барлық қажетті күшті тарта отырып, күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды.Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният зардап шеккен азаматтарға көрсетіліп жатқан медициналық көмек туралы мәлімет берді."Медициналық көмек жедел әрі толық көрсетіліп жатыр. Әртүрлі деңгейде газдан уланғандар токсикология бөлімшесінде ем алуда. Медициналық көмек көрсетуге барлық дәрігер жұмылдырылды", – деді Ажар Ғиният.Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Костенко атындағы шахтада 32 шахтер қаза тапты, 14 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20231028/shakhtadagy-apattan-qaza-tapqandar-sany-32-adamga-zhetti-39726189.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1c/39726580_27:0:1164:853_1920x0_80_0_0_8d4fc292c885657431b3ffa2a2e1e9b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президент Қарағандыда жедел штабтың отырысын өткізді
ТЖ министрінің айтуынша, апат болған шахтада жаңа өрт ошақтары байқалмайды. Жұмыс тәулік бойы жалғасады
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Ең алдымен, құтқару жұмыстарының барысы және қазіргі ахуал туралы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов баяндады.
"Апат кезінде шахтада 252 адам болған. 206 қызметкер өз бетінше көтерілді. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстарына 10 бөлімше, 55 тау-кен құтқарушы және 12 техника жұмылдырылды. Жұмыстар екі өндіру учаскесі аумағында жүргізілуде. Жаңа өрт ошақтары байқалмайды. Жұмыс тәулік бойы жалғасады, – деді Сырым Шәріпханов.
Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министрінің баяндамасын тыңдап болғаннан кейін іздестіру-құтқару жұмыстарын барлық қажетті күшті тарта отырып, күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды.
"Жаңа ғана азаматтар әр 10-15 минут сайын ақпарат беріп тұру мәселесін көтерді. Мүмкіндігінше қамтамасыз ету керек. Халықпен қарым-қатынас жасайтын бір өкіл болсын. Жұртшылықты ақпаратсыз қалдыруға болмайды. Бұл – өте шетін әрі мүлдем жол беруге болмайтын мәселе. Біз күн-түн демей, соңына дейін күресуіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният зардап шеккен азаматтарға көрсетіліп жатқан медициналық көмек туралы мәлімет берді.
"Медициналық көмек жедел әрі толық көрсетіліп жатыр. Әртүрлі деңгейде газдан уланғандар токсикология бөлімшесінде ем алуда. Медициналық көмек көрсетуге барлық дәрігер жұмылдырылды", – деді Ажар Ғиният.
Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Костенко атындағы шахтада 32 шахтер қаза тапты, 14 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.