https://sputnik.kz/20231028/oblys-akimi-ekibastuz-zheo-ny-tekserdi-39725468.html
Облыс әкімі Екібастұз ЖЭО-ны тексерді
Облыс әкімі Екібастұз ЖЭО-ны тексерді
Sputnik Қазақстан
Аймақ басшысын көпқабатты үйлер мен жеке сектордағы үйлердің барлығында жылу бар деп сендірді 28.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-28T14:53+0500
2023-10-28T14:53+0500
2023-10-28T14:53+0500
өңірлер
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32344891_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_07086ec578a79b292f9704d76e637034.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Павлодар облысының әкімі кеншілер қаласында жылу беру жұмысын кезекті рет қадағалады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.Қазіргі таңда Екібастұз ЖЭО-да он қазандық агрегатының төртеуі жұмыс істеп тұр, екеуі резервте. Қалған төрт қазандықтың жөндеу жұмыстары жоспарға сай жалғасып жатыр. Барлық көпқабатты үй мен жеке сектордың ғимараттарына жылу берілді.690 көпқабатты үйдің 20-сында жылу мәселесі бойынша шағым бар. Бұл көпқабатты үйлерде температура параметрлері тиісті деңгейде болғанымен, жұмыс қысымы қамтамасыз етілмей, соның салдарынан жалпы ғимараттың жылу жүйесінде айналым жоқ.Асайын Байханов осы көпқабатты үйлерді аралап, жылу беру параметрлерін тексеріп, тұрғындармен кездесті.Облыс басшысы мамандарға проблема туындаған әрбір үйге қатысты нақты мәселелерді пысықтап, жылу берілмеуі себебін анықтап, бұл үйлерді жылумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.Екінші көтергіш сорғы станциясынан Екібастұз жылу электр орталығына дейін жаңа резервтік техникалық су магистралі де салынып жатыр. Ұзындығы 12 шақырым болатын техникалық су бұру құбырының жетеуі тартылып, монтаждалды. Бұл құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр."Кеншілер қаласында жылу беру маусымы облыс басшысының ерекше бақылауында тұр", - делінген хабарламада.2022 жылы жылумен қамту нысанындағы апаттар тізбегі салдарынан мыңдаған екібастұздық қыстың аязында жылусыз қалды.Екібастұз жылу электр орталығындағы апат 2022 жылы 27 қарашаға қараған түні болды. Кейін қалада төтенше жағдай жарияланды. Білім беру нысандары қашықтан оқыту форматына көшті, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды. Қыс бойы екібастұздықтар пәтерлерінің суықтығына, жылытқыштардың кесірінен жарықтың қымбаттығына шағымданды.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32344891_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_637fad2a33c82d543d1f935bb39dc5d1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз
Облыс әкімі Екібастұз ЖЭО-ны тексерді
Аймақ басшысын көпқабатты үйлер мен жеке сектордағы үйлердің барлығында жылу бар деп сендірді
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Павлодар облысының әкімі кеншілер қаласында жылу беру жұмысын кезекті рет қадағалады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда Екібастұз ЖЭО-да он қазандық агрегатының төртеуі жұмыс істеп тұр, екеуі резервте. Қалған төрт қазандықтың жөндеу жұмыстары жоспарға сай жалғасып жатыр. Барлық көпқабатты үй мен жеке сектордың ғимараттарына жылу берілді.
690 көпқабатты үйдің 20-сында жылу мәселесі бойынша шағым бар. Бұл көпқабатты үйлерде температура параметрлері тиісті деңгейде болғанымен, жұмыс қысымы қамтамасыз етілмей, соның салдарынан жалпы ғимараттың жылу жүйесінде айналым жоқ.
Асайын Байханов осы көпқабатты үйлерді аралап, жылу беру параметрлерін тексеріп, тұрғындармен кездесті.
Облыс басшысы мамандарға проблема туындаған әрбір үйге қатысты нақты мәселелерді пысықтап, жылу берілмеуі себебін анықтап, бұл үйлерді жылумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Екінші көтергіш сорғы станциясынан Екібастұз жылу электр орталығына дейін жаңа резервтік техникалық су магистралі де салынып жатыр. Ұзындығы 12 шақырым болатын техникалық су бұру құбырының жетеуі тартылып, монтаждалды. Бұл құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
"Кеншілер қаласында жылу беру маусымы облыс басшысының ерекше бақылауында тұр", - делінген хабарламада.
2022 жылы жылумен қамту нысанындағы апаттар тізбегі салдарынан мыңдаған екібастұздық қыстың аязында жылусыз қалды.
Екібастұз жылу электр орталығындағы апат 2022 жылы 27 қарашаға қараған түні болды. Кейін қалада төтенше жағдай жарияланды. Білім беру нысандары қашықтан оқыту форматына көшті, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды. Қыс бойы екібастұздықтар пәтерлерінің суықтығына, жылытқыштардың кесірінен жарықтың қымбаттығына шағымданды.