https://sputnik.kz/20231027/sqo-da-ayel-men-onyn-eki-balasy-ortenip-ketti-otagasy-qamauga-alyndy-39685058.html
СҚО-да әйел мен оның екі баласы өртеніп кетті: отағасы қамауға алынды
СҚО-да әйел мен оның екі баласы өртеніп кетті: отағасы қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
25 жастағы ер адам өз отбасын өрттен шығарып үлгермедім дейді 27.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-27T12:19+0500
2023-10-27T12:19+0500
2023-10-27T12:19+0500
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0f/38476813_0:0:2730:1537_1920x0_80_0_0_6f9eb600092c7c528036a6d48a1e2a1e.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 26 қазан — Sputnik. Петропавлда өрт кезінде отбасынан айырылған ер адам үш адамды өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 25 қыркүйек күні кешке болған. Береке шағын ауданы Волочаевская 113 мекенжайындағы жеке тұрғын үйде өрт кезінде жас әйел мен екі жас бала көз жұмды.Өрт сөндірушілер жанған үйдің кіреберісінен үш мәйіт тапқан: 2003 жылы туған әйел, 1 жастағы қыз бен 5 жастағы ұл."Оқиға орнын тексерген кезде пеш жағылмағаны анықталды. Өрт электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін. Өйткені үйдің төбесі өрттен көп зақымданған", - деді сол кезде СҚО ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Аслан Ахметжанов.Өрт шыққанда әйел ұйықтап жатқан күйеуін оятқан.Алайда бір айдан кейін отағасы кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды."Бұл факт Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша тіркелген болатын. 21 қазанда қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99 - бабының 2-бөлігі 1-тармағына "Екі және одан да көп адамды өлтіру" бойынша қайта тергеу басталды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Сондай-ақ полиция осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 3-бөлігінің 99-бабы "Жас адамды өлтіру" бойынша қосымша қылмыстық істі тіркеді. Сараптамалар жасалып, тергеу жүріп жатыр. 25 жастағы күдікті ер адам қамауға алынды.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0f/38476813_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_2e958645e1732bd8c125af18bce8cc3e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
СҚО-да әйел мен оның екі баласы өртеніп кетті: отағасы қамауға алынды
25 жастағы ер адам өз отбасын өрттен шығарып үлгермедім дейді
ПЕТРОПАВЛ, 26 қазан — Sputnik. Петропавлда өрт кезінде отбасынан айырылған ер адам үш адамды өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 25 қыркүйек күні кешке болған. Береке шағын ауданы Волочаевская 113 мекенжайындағы жеке тұрғын үйде өрт кезінде жас әйел мен екі жас бала көз жұмды.
Өрт сөндірушілер жанған үйдің кіреберісінен үш мәйіт тапқан: 2003 жылы туған әйел, 1 жастағы қыз бен 5 жастағы ұл.
"Оқиға орнын тексерген кезде пеш жағылмағаны анықталды. Өрт электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін. Өйткені үйдің төбесі өрттен көп зақымданған", - деді сол кезде СҚО ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Аслан Ахметжанов.
Өрт шыққанда әйел ұйықтап жатқан күйеуін оятқан.
"Ер адам әйеліне "мен терезені ашамын, орындарыңда болыңдар" деген. Ол терезені сындырып жатқанда, әйел балаларымен кіреберіс дәлізге шыққан. Бірақ өрттен құтқара алмаған. Тексеру кезінде балалардың денесі кіреберістегі есіктің жанынан, сәл алыста бір жарым-екі метр қашықтықта әйелдің денесі табылды", - деді сол кезде Аслан Ахметжанов.
Алайда бір айдан кейін отағасы кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды.
"Бұл факт Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша тіркелген болатын. 21 қазанда қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99 - бабының 2-бөлігі 1-тармағына "Екі және одан да көп адамды өлтіру" бойынша қайта тергеу басталды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ полиция осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 3-бөлігінің 99-бабы "Жас адамды өлтіру" бойынша қосымша қылмыстық істі тіркеді. Сараптамалар жасалып, тергеу жүріп жатыр. 25 жастағы күдікті ер адам қамауға алынды.