Соғыс ережелерін ұмыттыңыз ба

© AFP 2024 / MENAHEM KAHANAНа снимке, сделанном в южно-израильском городе Сдерот, видны разрушенные здания на севере сектора Газа на фоне продолжающихся боев между Израилем и палестинской группировкой ХАМАС
На снимке, сделанном в южно-израильском городе Сдерот, видны разрушенные здания на севере сектора Газа на фоне продолжающихся боев между Израилем и палестинской группировкой ХАМАС - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2023
Жазылу
Foreign Affairs жарық көрген мақалада Израиль соғыс заңдары мен халықаралық құқықты, сондай-ақ моральдық және стратегиялық ұғымдарды ұстануы керек, әйтпесе АҚШ Израильді қолдамайды деп жазылған. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Соңғы жылдардағы оқиғалар бұл мәселеде соғыс заңдары мен халықаралық құқық жоқ екенін көрсетеді. Дегенмен жақында Human Rights Watch ұйымында жұмыс істей бастаған америкалық әйел мұндай заңдар бар екенін, тек АҚШ оларды ұстанғысы келмегенін айтты.
Ұйымның тәжірибесі күрделі болғанымен, бұл нақты әйел мен "Foreign Affairs" басылымындағы аталған мақала оң көзқарас тудырады. Ол тарихқа экскурсия жасауға шақырады.
"Тарихқа көз салар болсақ, қазіргі халықаралық құқықта соғыс заңдарын қабылдаудың бастамашысы – Ресей. Нақты айтсақ, патша Николай II. Бұл 1899 және 1907 жылдардағы Гаага конференциялары деп аталатын ұзақ уақытты қамтитын оқиға. Екі конференцияны өткізуді де ұсынған Ресей болды, күн тәртібінде қаралатын мәселелерді белгіледі, екеуін де Ресей өкілі басқарды", - деп жазды мақала авторы.
Біріншісінде Құрлықтағы соғыс заңдары мен дәстүрлері туралы конвенция қабылданса, екіншісі комбатан мен комбатан еместердің арасындағы айырмашылықты белгіледі, халықтың партизандық соғыс жүргізу құқығын қамтыды және қажетсіз қасірет туғызатын қару мен заттарды қолдануға тыйым салды. Ол ережелер жаудың мүлкін әскери қажеттіліксіз жоюға және тартып алуға, әскери тұтқындарды өлтіруге тыйым салды. Жеке меншікті тонауға, тәркілеуге тыйым салынды, мәдени ескерткіштер мен емдеу мекемелерін қорғау және сақтау үшін барлық мүмкін шараларды қолдану тапсырылды. Дәл сол кезде әскери қылмыс ұғымы, яғни осы аталған соғыс ережелерін бұзу деген ұғым пайда болды.
Гаага осы тақырып бойынша халықаралық құқықтың негізі болып табылады. Нюрнберг трибуналының кейінгі конвенциялары немесе шешімдері осы негізгі деректерден алынған.
Бұл ережелердің барлығы 1912 жылғы "Ресей армиясының құрлықтағы соғысының заңдары мен дәстүрлері туралы бұйрығына" енгізілген. Бұл құжатта әскерлер жау жағы тұрғындарының өмірі мен ар-намысын, діні мен сенім ғұрыптарын құрметтейтіні жазылған. Ал жаралылар мен ауру әскери шенділер қай тарапқа жататынына қарамастан ұрыс даласынан әкетіледі. Тұтқындарға адамгершілікпен қарау керек және орыс әскеріне қалай көмек көрсетілсе, оларға да сондай қамқорлық танытылуы керек. Соғыс қимылдары кезінде улы немесе уландырылған қаруды қолдануға, қаруын тастап, тұтқынға берілген жауды жаралауға немесе өлтіруге, жау басып алмаған қалаларға, ауылдарға, тұрғын үйлерге немесе ғимараттарға шабуыл жасауға немесе бомбалауға тыйым салынады.
Автор жазғандай, Ресей бұл қағидаларды әлі күнге дейін берік ұстанып келеді. Оған Сирияда бейбіт тұрғындарды шығаруға арналған гуманитарлық дәліздер, азаматтық инфрақұрылымдарға соққы жасаудан бас тарту, осы мәселелер бойынша келіссөз жүргізу технологиялары, Украинадағы гуманитарлық дәліздер, азаматтық инфрақұрылымдарға соққы жасаудан бас тарту, тұтқындарға көрсетілген көмек дәлел бола алады.
Жоғарыда аталған басылымда жарық көрген мақаланың авторы Сара Ягер америкалықтардың соғысу әдістері туралы айтады. Ол АҚШ армиясының Ауғанстан, Ирак, Сирияда діни ғимараттарды бомбалап, үйлерді қиратқанын, сумен жабдықтауға зиян келтіріп, басқа да инфрақұрылымдарды зақымдағанын тәптіштеп жазады.
Белгілі болғандай, Сара Ягер Human Rights Watch ұйымына дейін Пентагонда адам құқықтары жөніндегі кеңесші болып жұмыс істеген. Осы жұмыстың нәтижесінде соғыс болған жағдайда бейбіт тұрғындарға келтірілетін зиянды азайту бойынша іс-шаралар жоспары өткен жылы қабылданғаны да белгілі болды. Қазір бұл құжат Мемлекеттік департаменттің соғыс қимылдары кезінде бейбіт тұрғындарға зиян келтіретін елдерге қару-жарақ беруіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Сондықтан Сара қазір бұл құжаттарды Израильге қатысты қолдану керек жағдайдың өзі туындағанын айтады. Егер құжат күші Израильге қатысты қолданылса, онда Украина да тыс қалмауы керек.
Жаңалықтар
0