https://sputnik.kz/20231027/shymkentte-bir-otbasynyn-5-adamy-gazga-ulanyp-qaytys-boldy-39710082.html
Шымкентте бір отбасының бес адамы газға уланып қайтыс болды
Шымкентте бір отбасының бес адамы газға уланып қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Мамандар үй иесі газды заңсыз қосып алған дейді 27.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-27T17:34+0500
2023-10-27T17:34+0500
2023-10-27T18:04+0500
шымкент
улану
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16416638_0:228:2831:1820_1920x0_80_0_0_34054c68d73f8589c136b1ecffba3c9d.jpg
АЛМАТЫ, 27 қазан - Sputnik. Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды. Оқиғаның болжамды себеп-салдарын Sputnik Қазақстан агенттігіне "Казтрансгаз аймақ" компаниясының аймақтағы басшылығы айтып берді. Қайғылы оқиға 27 қазанда Ынтымақ ықшам ауданында болған. Бір отбасының 5 мүшесі: 39 жастағы отағасы мен әйелі, үш баласы қайтыс болды. Балалардың екеуі 15, 16 жастағы қыз және 11 жастағы ұл.Мамандар үй иесі газды заңсыз қосып алған дейді. "Марқұмдар табылған үй биыл шілдеде газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбаған үшін табиғи газдан ажыратылған. Яғни, кемшіліктер анықталған. Қазіргі күні сот сараптамасы жасалып жатыр", - дейді Елдар Қуандықов.
https://sputnik.kz/20231027/ayelim-sut-satuga-ketken-ayagozde-4-ulynan-ayyrylgan-ake-zhanayqayyn-zhetkizdi-39701998.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16416638_51:0:2782:2048_1920x0_80_0_0_13b46137e7088147db70ee3901c88ef4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, улану
Шымкентте бір отбасының бес адамы газға уланып қайтыс болды
17:34 27.10.2023 (жаңартылды: 18:04 27.10.2023) Мамандар үй иесі газды заңсыз қосып алған дейді
АЛМАТЫ, 27 қазан - Sputnik. Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды. Оқиғаның болжамды себеп-салдарын
Sputnik Қазақстан агенттігіне "Казтрансгаз аймақ" компаниясының аймақтағы басшылығы айтып берді.
Қайғылы оқиға 27 қазанда Ынтымақ ықшам ауданында болған. Бір отбасының 5 мүшесі: 39 жастағы отағасы мен әйелі, үш баласы қайтыс болды. Балалардың екеуі 15, 16 жастағы қыз және 11 жастағы ұл.
"Оқиға болған жерге жеткен апаттық диспетчер қызметкерлері жылыту қазандығының беткі қақпақ жабындысы мен мұржаның жоқтығын анықтаған. Сондай-ақ автоматикаға қосылмай, тікелей жалғанған. Осының салдарынан үйдегі 5 адам газға уланды деген қауіп бар", - дейді "Казтрансгаз аймақ" компаниясы Шымкент қаласы филиалы басшысының орынбасары Елдар Қуандықов.
Мамандар үй иесі газды заңсыз қосып алған дейді.
"Марқұмдар табылған үй биыл шілдеде газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбаған үшін табиғи газдан ажыратылған. Яғни, кемшіліктер анықталған. Қазіргі күні сот сараптамасы жасалып жатыр", - дейді Елдар Қуандықов.