https://sputnik.kz/20231027/resey-arnayy-zhasagy-klescheevka-manynda-ukraina-qaruly-kushterine-soqqy-zhasady-39691009.html
Ресей арнайы жасағы Клещеевка маңында Украина әскеріне соққы жасады
Ресей арнайы жасағы Клещеевка маңында Украина әскеріне соққы жасады
Sputnik Қазақстан
Арнайы жасақтың миномет есептоптары қарсы тараптың жойқын артиллериялық оғы астында әрекет етті 27.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-27T11:48+0500
2023-10-27T11:48+0500
2023-10-27T12:21+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39176924_0:34:3055:1752_1920x0_80_0_0_c64fc35cc92164b7fae3c31756b2347c.jpg
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Ресей әскері "Сибирь" арнайы жасағының жауынгерлері қарсы тараптың жойқын артиллериялық оғы астында Артемовск бағытында Клещеевка маңында Украина әскеріне соққы жасады, деп хабарлады РИА Новостиге "Чалый" деген лақап атын алған жауынгер.Оның айтуынша, миномет есептобы кассеталық оқ-дәрілерді, сондай-ақ минометтерді белсенді пайдаланған қарсы тараптың жойқын артиллериялық атысы кезінде әрекет еткен."Олардың көпшілігі шабуылдаушы әскерилер болды. Миномет есептобының не екенін, жау шабуыл жасағанда оның қаншалықты маңызды екенін білеміз. Біз қорғаныстың алдыңғы шебінде тұрған жігіттер өздерін қауіпсіз сезінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз", - деді "Азиат" лақап атын иеленген жауынгер.Ресей қорғаныс министрлігі бейсенбі күні Ресей Қарулы күштерінің Донецк бағытында "Юг" тобы соңғы тәулік ішінде Украина Қарулы күштерінің шабуылдау тобының соққысын тойтарып, Украина әскері 295 әскери қызметкерінен және 11 техникасынан, оның ішінде Чехияда жасалған Dana гаубицасынан айырылғанын хабарлады.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39176924_219:0:2950:2048_1920x0_80_0_0_0990600e57668e0eba0847c96405a746.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Ресей арнайы жасағы Клещеевка маңында Украина әскеріне соққы жасады
11:48 27.10.2023 (жаңартылды: 12:21 27.10.2023) Арнайы жасақтың миномет есептоптары қарсы тараптың жойқын артиллериялық оғы астында әрекет етті
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Ресей әскері "Сибирь" арнайы жасағының жауынгерлері қарсы тараптың жойқын артиллериялық оғы астында Артемовск бағытында Клещеевка маңында Украина әскеріне соққы жасады, деп
хабарлады РИА Новостиге "Чалый" деген лақап атын алған жауынгер.
"Екі сағат бұрын біз блиндажға шабуыл жасадық. 80-шінің (калибрі 82 миллиметр миномет – Sputnik) көмегімен жеті адамнан тұратын топты блиндажға кіргіздік те, 120-шымен екі рет соққы беріп, блиндажды бомбаладық. Әрі қарай да осылай жұмыс істейміз", - деді ол.
Оның айтуынша, миномет есептобы кассеталық оқ-дәрілерді, сондай-ақ минометтерді белсенді пайдаланған қарсы тараптың жойқын артиллериялық атысы кезінде әрекет еткен.
"Олардың көпшілігі шабуылдаушы әскерилер болды. Миномет есептобының не екенін, жау шабуыл жасағанда оның қаншалықты маңызды екенін білеміз. Біз қорғаныстың алдыңғы шебінде тұрған жігіттер өздерін қауіпсіз сезінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз", - деді "Азиат" лақап атын иеленген жауынгер.
Ресей қорғаныс министрлігі бейсенбі күні Ресей Қарулы күштерінің Донецк бағытында "Юг" тобы соңғы тәулік ішінде Украина Қарулы күштерінің шабуылдау тобының соққысын тойтарып, Украина әскері 295 әскери қызметкерінен және 11 техникасынан, оның ішінде Чехияда жасалған Dana гаубицасынан айырылғанын хабарлады.