https://sputnik.kz/20231027/qaryzy-bar-adamdardyn-esepshotyn-bugattau-tartibine-ozgeris-engiziledi-39684149.html
Қарызы бар кәсіпкерлердің есепшотын бұғаттау тәртібіне өзгеріс енгізіледі
Қарызы бар кәсіпкерлердің есепшотын бұғаттау тәртібіне өзгеріс енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Салық бойынша берешегі бар адам әлеуметтік төлем алып жүрсе, оның есепшоты бірден бұғатталмайды 27.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-27T11:24+0500
2023-10-27T11:24+0500
2023-10-27T13:00+0500
бұғаттау
https://sputnik.kz/img/25/46/254637_0:285:5472:3363_1920x0_80_0_0_caf1320e9b87b06f8a075f9b4056bcb9.jpg
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қаржы министрлігі әлеуметтік төлемге қарызы бар кәсіпкерлердің есепшотын бұғаттау тәртібіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде Салық кодексіне тиісті түзету енгізуге қатысты ұсыныс бар. Оған сәйкес, әлеуметтік төлем бойынша берешегі бар кәсіпкердің есепшоты бірден бұғатталмайды."Бүгінде қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу кезінде әлеуметтік төлем бойынша шек қойылмаған. 100 теңге немесе 200 теңге қарыз болса, біз банк шоттарын бұғаттаймыз. Ол дұрыс емес. Сондықтан әлеуметтік төлемдер бойынша шекті көтеру керек деп санаймыз. Қазіргі таңда ондай шек жоқ", - деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сенатта өткен үкімет сағатында.Отырыс кезінде ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров табыстың көлеміне қарай салықты арттыру бастамасын түсіндірді. Оның айтуынша, жылына 40 миллионнан артық табыс табатындар осы сомадан асқан бөлігіне 15 проценттік салық төлейді.
https://sputnik.kz/20231027/qansha-zhalaqy-alatyndar-15-protsent-salyq-toleydi--ministr-tusindirdi-39682164.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/46/254637_304:0:5168:3648_1920x0_80_0_0_cc07fe909462bbbeffb38fc257f01146.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұғаттау
Қарызы бар кәсіпкерлердің есепшотын бұғаттау тәртібіне өзгеріс енгізіледі
11:24 27.10.2023 (жаңартылды: 13:00 27.10.2023) Салық бойынша берешегі бар адам әлеуметтік төлем алып жүрсе, оның есепшоты бірден бұғатталмайды
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қаржы министрлігі әлеуметтік төлемге қарызы бар кәсіпкерлердің есепшотын бұғаттау тәртібіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Салық кодексіне тиісті түзету енгізуге қатысты ұсыныс бар. Оған сәйкес, әлеуметтік төлем бойынша берешегі бар кәсіпкердің есепшоты бірден бұғатталмайды.
"Бүгінде қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу кезінде әлеуметтік төлем бойынша шек қойылмаған. 100 теңге немесе 200 теңге қарыз болса, біз банк шоттарын бұғаттаймыз. Ол дұрыс емес. Сондықтан әлеуметтік төлемдер бойынша шекті көтеру керек деп санаймыз. Қазіргі таңда ондай шек жоқ", - деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сенатта өткен үкімет сағатында.
Отырыс кезінде ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров табыстың көлеміне қарай салықты арттыру бастамасын түсіндірді. Оның айтуынша, жылына 40 миллионнан артық табыс табатындар осы сомадан асқан бөлігіне
15 проценттік салық төлейді.