Нұрдәулет Жұмағали — Азиаданың екі дүркін алтын жүлдегері

© Туризм және спорт министрлігіНұрдәулет Жұмағали — Азиаданың екі дүркін алтын жүлдегері
Нұрдәулет Жұмағали — Азиаданың екі дүркін алтын жүлдегері - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2023
Жазылу
Бүгінде қазақстандықтар алтын медаль санын сегізге жеткізді
АЛМАТЫ, 27 қазан - Sputnik. Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали жүзуден алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия параойындарында қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали 200 м қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, осы ойындардың рекордын жаңартты.
Еске сала кетейік, ол осыдан екі күн бұрын да 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1:05.92 нәтижемен мәре сызығын бірінші болып қиған еді.
Осылайша Нұрдәулет Қазақстанға бірден екі алтын медаль әперді.
Бүгінде қазақстандықтар алтын медаль санын сегізге жеткізді.
Жаңалықтар
0