https://sputnik.kz/20231026/zholaushylardyn-aqshasy-urlangan-astana-auezhayy-malimdeme-zhasady-39664547.html
Жолаушылардың ақшасы ұрланған: Астана әуежайы мәлімдеме жасады
Жолаушылардың ақшасы ұрланған: Астана әуежайы мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Жүк тиеушілер жолаушылардың шабаданынан ақша мен алтын ұрлаған. Осы оқиғадан кейін әуежай әкімшілігі "көрінбейтін аймақтарға" бейнебақылау камераларын орнату... 26.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-26T16:05+0500
2023-10-26T16:05+0500
2023-10-26T16:05+0500
астана әуежайы
https://sputnik.kz/img/old/1197/13/11971371_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_c1d34e73e30ccc4a364f286bb7229bc3.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Астана халықаралық әуежайында жолаушылардың жүгін ұрлаған қызметкерлердің әрекетін дисциплинарлық комиссия қарап жатыр."Қазіргі таңда ұрлау фактісіне қатысы бар қызметкерлердің әрекеті дисциплинарлық комиссияның қарауында. Одан бөлек құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталып, сот шешімі шыққан соң қызметкерлердің жұмыста қалу-қалмауы белгілі болады. Алайда қазір аталған іске қатысы бар әуежай қызметкерлері жұмыста емес", - дейді Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі, PR бөлімінің басшысы Тойгүл Жубанисова.Оның айтуынша, әуежайдың жүк бөлімшесі толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Алайда жолаушылардың жүгі перронда багаж лентасынан ұшақтың жүк бөліміне өткенде "көрінбейтін аймаққа" түседі. Яғни ұшақтардың жүк бөлімі бейнебақылау камераларымен жабдықталмаған.Әуежай әкімшілігі жолаушылардан құнды заттарын қол жүгінде алып жүруін сұрады.Бұған дейін елорда әуежайында жүк ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталғаны хабарланған болатын. Көлік полицейлері 6 жүк тиеушіні ұстады. Олар "Астана – Стамбул" рейсі жолаушысының шабаданынан 19 мың доллар, ал Дубайға ұшқан жолаушыдан 7 800 доллар ұрлаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1197/13/11971371_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_7420f6df99bdb6fcd5866133d139fa7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана әуежайы
Жолаушылардың ақшасы ұрланған: Астана әуежайы мәлімдеме жасады
Жүк тиеушілер жолаушылардың шабаданынан ақша мен алтын ұрлаған. Осы оқиғадан кейін әуежай әкімшілігі "көрінбейтін аймақтарға" бейнебақылау камераларын орнату мәселесін пысықтап жатыр
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Астана халықаралық әуежайында жолаушылардың жүгін ұрлаған қызметкерлердің әрекетін дисциплинарлық комиссия қарап жатыр.
"Қазіргі таңда ұрлау фактісіне қатысы бар қызметкерлердің әрекеті дисциплинарлық комиссияның қарауында. Одан бөлек құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталып, сот шешімі шыққан соң қызметкерлердің жұмыста қалу-қалмауы белгілі болады. Алайда қазір аталған іске қатысы бар әуежай қызметкерлері жұмыста емес", - дейді Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі, PR бөлімінің басшысы Тойгүл Жубанисова.
Оның айтуынша, әуежайдың жүк бөлімшесі толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Алайда жолаушылардың жүгі перронда багаж лентасынан ұшақтың жүк бөліміне өткенде "көрінбейтін аймаққа" түседі. Яғни ұшақтардың жүк бөлімі бейнебақылау камераларымен жабдықталмаған.
"Келеңсіз жағдайлардың алдын алу және ұрлық фактілерін азайту мақсатында әуежай әкімшілігі "көрінбейтін аймақтарға" камера орнату жұмыстарын пысықтап жатыр", - деді ол.
Әуежай әкімшілігі жолаушылардан құнды заттарын қол жүгінде алып жүруін сұрады.
Бұған дейін елорда әуежайында жүк ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталғаны хабарланған болатын. Көлік полицейлері 6 жүк тиеушіні ұстады. Олар "Астана – Стамбул" рейсі жолаушысының шабаданынан 19 мың доллар, ал Дубайға ұшқан жолаушыдан 7 800 доллар ұрлаған.