https://sputnik.kz/20231026/zhasyl-sutegi-qazaqstannan-europaga-quryq-porty-arqyly-zhetkiziledi-39652397.html
"Жасыл" сутегі Қазақстаннан Еуропаға Құрық порты арқылы жеткізіледі
"Жасыл" сутегі Қазақстаннан Еуропаға Құрық порты арқылы жеткізіледі
Sputnik Қазақстан
Тиісті келісімге немістердің Hyrasia One және қазақстандық Semurg Invest қол қойды 26.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-26T09:04+0500
2023-10-26T09:04+0500
2023-10-26T09:04+0500
каспий теңізі
экология
https://sputnik.kz/img/07e6/08/12/26833113_0:243:3073:1971_1920x0_80_0_0_991f449f7b9a180a5c40b9d32528567a.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Брюссельде Global Gateway форумына қатысу шеңберінде немістердің Hyrasia One және қазақстандық Semurg Invest компаниялары Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Құрық портындағы "Саржа" теңіз терминалы арқылы "жасыл" (экологиялық қауіпсіз) сутегін экспорттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.Қол қоюға Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев, Hyrasia One бас директоры Вольфанг Кропп және "Semurg Invest" ЖШС бас директоры Нұржан Марабаев қатысты, деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметі."Немістердің Hyrasia one компаниясы Қазақстанда қуаттылығы 40 Г/Вт болатын "жасыл" сутегін өндіру жобасын жүзеге асырады. Қазір компания "жасыл" сутегін Еуропа елдеріне тасымалдау міндетін алға қойып отыр. Қазақстандық Semurg Invest компаниясы негізгі тасымалдаушы ретінде әрекет етеді. Келісім бойынша жыл сайын 2 миллион тонна "жасыл" сутегі өндіріледі, егер аммиак түрінде болса, онда ол 11 миллион тонна болады деп қарастырылған", - деді министр.Қарабаевтың айтуынша, қол қойылған Келісімге сәйкес, қазақстандық компания Еуропаға "жасыл" сутегін тасымалдауға айрықша құқыққа ие болады.Hyrasia One бас директоры Вольфганг Кропптың айтуынша, бұл бағыт жылына 11 миллион тоннаға дейін жүк тасымалдауға қабілетті.
каспий теңізі
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/12/26833113_153:0:2884:2048_1920x0_80_0_0_ea77f14f90d78d2ac4a5861c12232690.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий теңізі, экология
"Жасыл" сутегі Қазақстаннан Еуропаға Құрық порты арқылы жеткізіледі
Тиісті келісімге немістердің Hyrasia One және қазақстандық Semurg Invest қол қойды
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Брюссельде Global Gateway форумына қатысу шеңберінде немістердің Hyrasia One және қазақстандық Semurg Invest компаниялары Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Құрық портындағы "Саржа" теңіз терминалы арқылы "жасыл" (экологиялық қауіпсіз) сутегін экспорттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қол қоюға Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев, Hyrasia One бас директоры Вольфанг Кропп және "Semurg Invest" ЖШС бас директоры Нұржан Марабаев қатысты, деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
"Немістердің Hyrasia one компаниясы Қазақстанда қуаттылығы 40 Г/Вт болатын "жасыл" сутегін өндіру жобасын жүзеге асырады. Қазір компания "жасыл" сутегін Еуропа елдеріне тасымалдау міндетін алға қойып отыр. Қазақстандық Semurg Invest компаниясы негізгі тасымалдаушы ретінде әрекет етеді. Келісім бойынша жыл сайын 2 миллион тонна "жасыл" сутегі өндіріледі, егер аммиак түрінде болса, онда ол 11 миллион тонна болады деп қарастырылған", - деді министр.
Қарабаевтың айтуынша, қол қойылған Келісімге сәйкес, қазақстандық компания Еуропаға "жасыл" сутегін тасымалдауға айрықша құқыққа ие болады.
Hyrasia One бас директоры Вольфганг Кропптың айтуынша, бұл бағыт жылына 11 миллион тоннаға дейін жүк тасымалдауға қабілетті.