РФ премьер-министрі ШЫҰ-ның басты міндетін атады

© Sputnik / Дмитрий Астахов / Медиабанкке өтуПремьер-министр РФ М. Мишустин принял участие в работе межправительственного совета стран ЕАЭС и Совета глав правительств СНГ и государств - членов ШОС в Бишкеке. День второй
Премьер-министр РФ М. Мишустин принял участие в работе межправительственного совета стран ЕАЭС и Совета глав правительств СНГ и государств - членов ШОС в Бишкеке. День второй - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2023
Жазылу
Ресей премьер-министрі ұйымды дамытудың басым бағыттарын атады
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. ШЫҰ елдерінің жалпы басымды міндеті – ұйымға мүше мемлекеттердің жаһандық сын-қатерлерге төзімділігін қамтамасыз ету және күшйеіп жатқан бәсекелестік пен тұрақсыздық жағдайында азаматтар мен кәсіпорындарды қорғау, деп мәлімдеді РФ премьер-министрі Михаил Мишустин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйлеген сөзінде.
"Ресей Президенті Владимир Путин шілдеде өткен мемлекет басшыларының саммитінде айтқандай, ШЫҰ халықаралық құқыққа негізделген, Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық, үйлестіруші рөлі бар егеменді мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың жалпы қабылданған қағидаттарына сүйене отырып, әділ және көпполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастыруды берік ұстанады", - деді Мишустин.
Ол ұйымға мүше елдердің жаһандық сын-қатерлерге төзімділігін қамтамасыз ету ортақ басымдықтағы міндет екенін айтты.
"Бәсекелестік пен тұрақсыздық жағдайында азаматтар мен бизнесті сенімді қорғау да басымдықтағы ортақ міндет. Сондай-ақ әлемдегі тауарлар мен қызметтерді жеткізу тізбегінің бұзылуына әкелетін протекционистік шаралар мен заңсыз санкциялар күшейді. Біз бірлесіп мұны жеңе аламыз. Бұған дәлел – өзара сауда көлемінің үдемелі өсуі", - деді РФ премьер-министрі.
Мишустин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге тәуелсіз аймақтық төлем және есеп айырысу механизмін қалыптастыруды және ұлттық биржаларда валюта айырбастауды қамтамасыз етуді ұсынды.
"Біз есеп айырысуда өз валюталарымызды көбірек қолданып жатырмыз. Сондай-ақ тәуелсіз аймақтық төлем және есеп айырысу механизмін құру туралы ойлануға да болады. Ұлттық биржаларда валюталарымызды айырбастауды қамтамасыз ету жайын да қарастырған жөн", - деді Мишустин.
Көлік әлеуетін кеңейту Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытудың келешегі зор бағыттарының бірі болып табылатындықтан, Ресей серіктестерді бірлестік мемлекеттерінің транзиттік әлеуетін пайдалану жөніндегі халықаралық келісім жобасын әзірлеуді бастауға шақырады, деп мәлімдеді РФ премьер-министрі Михаил Мишустин.
"Келешегі зор бағыттардың бірі – көлік саласындағы байланыстарды кеңейту. Ресей бұл тақырыпқа жоғары, үлкен көңіл бөлуде. Біз ел ішіндегі жол желісін жүйелі түрде жаңартып жатырмыз. Тағы бірнеше стратегиялық жобаларды бастадық, олар жүктерді жеткізу бойынша қосымша мүмкіндіктерге жол ашады", - деді Мишустин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысында.
Жаңалықтар
0