https://sputnik.kz/20231026/qazaqstan-men-kipr-izdeude-zhurgen-adamdardy-almasady--senat-zandy-maquldady-39657642.html
Қазақстан мен Кипр іздеуде жүрген адамдарды алмасады – сенат заңды мақұлдады
Қазақстан мен Кипр іздеуде жүрген адамдарды алмасады – сенат заңды мақұлдады
Sputnik Қазақстан
Уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын ұстап беруге жол берілмейді 26.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-26T11:23+0500
2023-10-26T11:23+0500
2023-10-26T11:23+0500
сенат
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400294_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_def54e3c478d0f084f1dab694d63fcc1.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Сенат "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Келісімшартта іздеуде жүрген адамдарды екі мемлекет арасында экстрадициялау мәселелері, атап айтқанда, оларды ұстап беру, ұстап беруді кейінге қалдыру немесе уақытша ұстап беру шарттары мен рәсімі айқындалған. Ұстап беруден бас тарту негіздері де бар. Олар:Құжатқа сәйкес, уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын ұстап беруге жол берілмейді.Сенат отырысынан кейін журналистер бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Кипрде іздеуде жүрген қазақстандықтардың бар-жоғын сұрады. Оның айтуынша, бүгінде ондай адамдар жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400294_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_502fe91ec3e5b6f7e73f7aab17ee3bdb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат
Қазақстан мен Кипр іздеуде жүрген адамдарды алмасады – сенат заңды мақұлдады
Уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын ұстап беруге жол берілмейді
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Сенат "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісімшартта іздеуде жүрген адамдарды екі мемлекет арасында экстрадициялау мәселелері, атап айтқанда, оларды ұстап беру, ұстап беруді кейінге қалдыру немесе уақытша ұстап беру шарттары мен рәсімі айқындалған. Ұстап беруден бас тарту негіздері де бар. Олар:
іздеуде жүрген адамның сұрау салынатын мемлекеттің аумағында қылмыс жасауы;
ұстап беру шарасының іздестіріліп жатқан адамның жасына, денсаулығына немесе өзге де жеке басының мән-жайларына орай ізгілік түсініктерімен үйлеспеуі;
жасалған қылмыстың сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан тыс жерде, бірақ оның мүдделеріне қарсы бағытталуы.
Құжатқа сәйкес, уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын ұстап беруге жол берілмейді.
Сенат отырысынан кейін журналистер бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Кипрде іздеуде жүрген қазақстандықтардың бар-жоғын сұрады. Оның айтуынша, бүгінде ондай адамдар жоқ.