Мемлекет басшысы Уәлиханов атындағы "Алтынемел" мемориалдық музейіне барды

© АқордаМемлекет басшысы Уәлиханов атындағы "Алтынемел" мемориалдық музейіне барды
Мемлекет басшысы Уәлиханов атындағы Алтынемел мемориалдық музейіне барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2023
Жазылу
Президент Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Уәлиханов атындағы "Алтынемел" мемориалдық музейіне барды.
Президентке Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолы, әскери қызметі, тарихи-этнографиялық, георафиялық зерттеулері және ғұмырының соңғы кезеңі туралы тарихи деректер мен жәдігерлер таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов жайлы жазылған еңбектердің бәрін оқып шыққанын еске салып, оның зерттеу жұмыстарымен таныс екенін айтты.
Сонымен қатар президент музейдегі жәдігерлерді әлі де толықтыра түсу керек екеніне назар аударды.
Президент Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырып, музей қызметкерлерімен әңгімелесті.
Былтыр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша музейге және осы мәдени-туристік нысанға баратын жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Айта кетері мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысында жүр.
Жаңалықтар
0