https://sputnik.kz/20231026/eaeo-elderi-2045-zhylga-deyingi-yntymaqtastyqtyn-negizin-bekitti-39703729.html
ЕАЭО елдері 2045 жылға дейінгі ынтымақтастықтың негізін бекітті
ЕАЭО елдері 2045 жылға дейінгі ынтымақтастықтың негізін бекітті
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшылары "Еуразиялық экономикалық жол" құжатына осы жылдың желтоқсан айында қол қоюы керек 26.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-26T20:17+0500
2023-10-26T20:17+0500
2023-10-27T14:17+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1a/39668392_0:0:3338:1878_1920x0_80_0_0_abe63b36a796c5d2f4a6d9fc0a9e67a7.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысымен бірге өткен ЕАЭО Үкіметаралық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша қандай құжаттарға қол қойылғаны туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілі Ия Малкина айтып берді."Бүгін электр энергиясының өзара сауда-саттық ережелері және мемлекетаралық қималардың өткізу қабілетін анықтау және бөлу қағидалары бекітілді. Бұл Одақ электр энергиясының ортақ нарығының жұмысын ілгерілету жолындағы кезекті қадамды білдіретін өте маңызды құжаттар. Өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперация жобаларын іріктеу туралы ереже де бекітілді", - деді Малкина Sputnik халықаралық мультимедиялық орталығында өткен брифингте.Оның айтуынша, берілген несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің бір бөлігін Одақ бюджетінен субсидиялау арқылы еуразиялық ынтымақтастық жобаларын қолдау жоспарланып отыр.Малкина сондай-ақ Үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге Одақтың экономикалық процестерін дамыту келешегін белгілейтін "Еуразиялық экономикалық жол" құжаты дайындалғанын хабарлады. Оған мемлекет басшылары осы жылдың желтоқсан айында қол қоюы керек."Болашақта біз үкімет басшылары бекіткен негізгі бағыттар бойынша сенімді түрде айта аламыз. Бұл – Одақтың ортақ нарығын негізгі тауарлармен және ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл – технологиялық даму саласындағы кооперациялық өзара іс-қимыл және ынтымақтастықтың ортақ кеңістігін қалыптастыру. Бұл – ортақ көлік-логистикалық кеңістікті, ортақ қаржы нарығын қалыптастыру, интеграциялық әлеуеті бар салаларда экономикалық ынтымақтастықты дамыту", - деді ЕЭК өкілі.Оның айтуынша, бұл елдердің интеграцияны тереңдетуге деген ортақ ұмтылысын көрсетеді.Брифинг барысында белгілі болғандай, Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінде кооперациялық жобаларға 1,8 миллиард рубль қарастырылған."Әлеуетті үміткерлер бірқатар негізгі шарттарды орындауы қажет. Жоба бір немесе бірнеше маңызды нәтижеге жетуге бағытталуы керек. Мысалы, кәсіпорын құру, оны қайта жарақтандыру, қосылған құн тізбегін қалыптастыру, экспортты арттыру, сауда мен инвестиция көлемін ұлғайту. Бұл критерийлердің барлығы қай жағынан алсақ та жұмыс орындарын құруға қатысты", - деді Малкина.Айта кету керек, ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің өкілдері кооперациялық жобаларға қатыса алады."Біз қызықты интеграциялық ұсыныстарды күтеміз және келесі жылдан бастап бұл бағдарлама толығымен іске қосылады деп үміттенеміз. Ол үшін барлық негізгі жағдайлар жасалған", - деді ЕЭК өкілі.Малкина брифигнте мәлімдегендей, ЕАЭО елдері үкімет басшыларының отырысында жалпы 30 мәселе қаралды. Оның пікірінше, көптеген мәселелер интеграцияның қандай да бір саласын тереңдетуге бағытталған және жаһандық және стратегиялық сипатта болды."Біз болашаққа оптимистік көзқараспен қарай аламыз және азаматтар мен бизнеске айтарымыз көп", - деді ол.ЕАЭО цифрлық күн тәртібін қарқынды түрде алға жылжытып жатқандықтан, интеграцияланған ақпараттық жүйе де талқыланды.Малкина ЕАЭО мемлекеттік органдардың және болашақта бизнестің барлық құқықтық құжаттарды беру процесіне қатысуы үшін мүмкіндігінше ортақ процестерді дамытып жатқанын атап өтті. Бұл қағазбастылықты азайту үшін жасалып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1a/39668392_254:0:2985:2048_1920x0_80_0_0_d913387bf1ec5a9f36743fb491598a76.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО елдері 2045 жылға дейінгі ынтымақтастықтың негізін бекітті
20:17 26.10.2023 (жаңартылды: 14:17 27.10.2023) Мемлекет басшылары "Еуразиялық экономикалық жол" құжатына осы жылдың желтоқсан айында қол қоюы керек
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысымен бірге өткен ЕАЭО Үкіметаралық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша қандай құжаттарға қол қойылғаны туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілі Ия Малкина айтып берді.
"Бүгін электр энергиясының өзара сауда-саттық ережелері және мемлекетаралық қималардың өткізу қабілетін анықтау және бөлу қағидалары бекітілді. Бұл Одақ электр энергиясының ортақ нарығының жұмысын ілгерілету жолындағы кезекті қадамды білдіретін өте маңызды құжаттар. Өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперация жобаларын іріктеу туралы ереже де бекітілді", - деді Малкина Sputnik халықаралық мультимедиялық орталығында өткен брифингте.
Оның айтуынша, берілген несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің бір бөлігін Одақ бюджетінен субсидиялау арқылы еуразиялық ынтымақтастық жобаларын қолдау жоспарланып отыр.
Малкина сондай-ақ Үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге Одақтың экономикалық процестерін дамыту келешегін белгілейтін "Еуразиялық экономикалық жол" құжаты дайындалғанын хабарлады. Оған мемлекет басшылары осы жылдың желтоқсан айында қол қоюы керек.
"Болашақта біз үкімет басшылары бекіткен негізгі бағыттар бойынша сенімді түрде айта аламыз. Бұл – Одақтың ортақ нарығын негізгі тауарлармен және ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл – технологиялық даму саласындағы кооперациялық өзара іс-қимыл және ынтымақтастықтың ортақ кеңістігін қалыптастыру. Бұл – ортақ көлік-логистикалық кеңістікті, ортақ қаржы нарығын қалыптастыру, интеграциялық әлеуеті бар салаларда экономикалық ынтымақтастықты дамыту", - деді ЕЭК өкілі.
Оның айтуынша, бұл елдердің интеграцияны тереңдетуге деген ортақ ұмтылысын көрсетеді.
Брифинг барысында белгілі болғандай, Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінде кооперациялық жобаларға 1,8 миллиард рубль қарастырылған.
"Әлеуетті үміткерлер бірқатар негізгі шарттарды орындауы қажет. Жоба бір немесе бірнеше маңызды нәтижеге жетуге бағытталуы керек. Мысалы, кәсіпорын құру, оны қайта жарақтандыру, қосылған құн тізбегін қалыптастыру, экспортты арттыру, сауда мен инвестиция көлемін ұлғайту. Бұл критерийлердің барлығы қай жағынан алсақ та жұмыс орындарын құруға қатысты", - деді Малкина.
Айта кету керек, ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің өкілдері кооперациялық жобаларға қатыса алады.
"Біз қызықты интеграциялық ұсыныстарды күтеміз және келесі жылдан бастап бұл бағдарлама толығымен іске қосылады деп үміттенеміз. Ол үшін барлық негізгі жағдайлар жасалған", - деді ЕЭК өкілі.
Малкина брифигнте мәлімдегендей, ЕАЭО елдері үкімет басшыларының отырысында жалпы 30 мәселе қаралды. Оның пікірінше, көптеген мәселелер интеграцияның қандай да бір саласын тереңдетуге бағытталған және жаһандық және стратегиялық сипатта болды.
"Біз болашаққа оптимистік көзқараспен қарай аламыз және азаматтар мен бизнеске айтарымыз көп", - деді ол.
ЕАЭО цифрлық күн тәртібін қарқынды түрде алға жылжытып жатқандықтан, интеграцияланған ақпараттық жүйе де талқыланды.
Малкина ЕАЭО мемлекеттік органдардың және болашақта бизнестің барлық құқықтық құжаттарды беру процесіне қатысуы үшін мүмкіндігінше ортақ процестерді дамытып жатқанын атап өтті. Бұл қағазбастылықты азайту үшін жасалып жатыр.