https://sputnik.kz/20231026/astanada-bilyardtan-qalamgerler-arasynda-turnir-otti-40244006.html
Астанада бильярдтан қаламгерлер арасында турнир өтті
Астанада бильярдтан қаламгерлер арасында турнир өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Астанада Республика күніне орай журналистер мен қаламгерлер арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды. 26.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-26T10:50+0500
2023-10-26T10:50+0500
2023-11-17T11:51+0500
астана
https://sputnik.kz/img/1095/84/10958492_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_47d237163f5ddabfa4b5ed6738925b76.jpg
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Астанада Республика күніне орай журналистер мен қаламгерлер арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды.Жарыс биыл елордада екінші мәрте өткізілді. Турнирге жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қойшығара Салғараұлы бастаған елімізге белгілі ақын-жазушылар, Парламент депутаттары, журналистер, медиаменеджерлер, баспасөз өкілдерінен құралған 32 ойыншы қатысты.Тартысты өткен бәсекеде I, II, III орындардан бөлек, биыл еліміз бойынша мерейтойлары аталып өтіп жатқан қазақ қаламгерлері Кемел Тоқаев, Сейдахмет Бердіқұлов, Оралхан Бөкей атындағы арнайы сыйлықтар табысталды.Жарыс қорытындысы бойынша I орындыбелгілі айтыс ақыны Еркебұлан Қайназаров қанжығасына байлады. II орынды ақтық сынға дейін шебер ойын көрсеткен белгілі журналист, жазушы Талғат Ешенұлы иеленді. ҰҮшінші орынды жазушы, журналист Сәдібек Түгел мен белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы алды. Жүлдегерлерге 300,200, 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.Кемел Тоқаев атындағы арнаулы жүлде қазақ әдебиетінің ақсақалы, жазушы Қойшығара Салғараұлына, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлде қазақ спорт журналистикасының ардагері Несіп Жүнісбайұлына және Оралхан Бөкей атындағы арнайы сыйлық белгілі қаламгер, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіпке берілді.Турнир ұйымдастырушылары аталған арнаулы жүлделерден бөлек, қосымша үздік ойын көрсеткен қатысушылар үшін төрт номинация иегерін анықтады.Қазылардың шешімімен "Алыстан ат терлетіп келген ойыншы" аталымын Алматы қаласынан арнайы келіп, турнирге қатысқан қазақ журналистикасының ардагері, Қайнар Олжай, "Мәдениетті ойыншы" номинациясын белгілі жазушы Шархан Қазығұл, "Алғашқы шар" номинациясын күйші Секен Тұрысбек иеленді. Сонымен қатар, "Мерген ойыншы" деп ардагер журналист Кенже Жұмағұл, "Шебер ойыншы" ретінде журналист Әлімжан Сабыржанұлы лайық деп танылды. "Үздік дуплет" аталымымен журналист Жандос Дүйсекеев марапатталды. Марапат иелеріне бағалы сыйлықтар мен ақшалай жүлде табысталды.Айта кетейік тартысты өткен турнирге биыл екінші жыл қатарынан билярдтан екі дүркін әлем чемпионы Ернар Чимбаев бас төрешілік етті.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1095/84/10958492_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_873a1475d196638ce73187e0d630bfd9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Астанада Республика күніне орай журналистер мен қаламгерлер арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды.
Жарыс биыл елордада екінші мәрте өткізілді. Турнирге жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қойшығара Салғараұлы бастаған елімізге белгілі ақын-жазушылар, Парламент депутаттары, журналистер, медиаменеджерлер, баспасөз өкілдерінен құралған 32 ойыншы қатысты.
Тартысты өткен бәсекеде I, II, III орындардан бөлек, биыл еліміз бойынша мерейтойлары аталып өтіп жатқан қазақ қаламгерлері Кемел Тоқаев, Сейдахмет Бердіқұлов, Оралхан Бөкей атындағы арнайы сыйлықтар табысталды.
Жарыс қорытындысы бойынша I орындыбелгілі айтыс ақыны Еркебұлан Қайназаров қанжығасына байлады. II орынды ақтық сынға дейін шебер ойын көрсеткен белгілі журналист, жазушы Талғат Ешенұлы иеленді. ҰҮшінші орынды жазушы, журналист Сәдібек Түгел мен белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы алды. Жүлдегерлерге 300,200, 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
Кемел Тоқаев атындағы арнаулы жүлде қазақ әдебиетінің ақсақалы, жазушы Қойшығара Салғараұлына, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлде қазақ спорт журналистикасының ардагері Несіп Жүнісбайұлына және Оралхан Бөкей атындағы арнайы сыйлық белгілі қаламгер, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіпке берілді.
Турнир ұйымдастырушылары аталған арнаулы жүлделерден бөлек, қосымша үздік ойын көрсеткен қатысушылар үшін төрт номинация иегерін анықтады.
Қазылардың шешімімен "Алыстан ат терлетіп келген ойыншы" аталымын Алматы қаласынан арнайы келіп, турнирге қатысқан қазақ журналистикасының ардагері, Қайнар Олжай, "Мәдениетті ойыншы" номинациясын белгілі жазушы Шархан Қазығұл, "Алғашқы шар" номинациясын күйші Секен Тұрысбек иеленді. Сонымен қатар, "Мерген ойыншы" деп ардагер журналист Кенже Жұмағұл, "Шебер ойыншы" ретінде журналист Әлімжан Сабыржанұлы лайық деп танылды. "Үздік дуплет" аталымымен журналист Жандос Дүйсекеев марапатталды. Марапат иелеріне бағалы сыйлықтар мен ақшалай жүлде табысталды.
Айта кетейік тартысты өткен турнирге биыл екінші жыл қатарынан билярдтан екі дүркін әлем чемпионы Ернар Чимбаев бас төрешілік етті.