https://sputnik.kz/20231026/aqtobede-mas-kuyde-kolik-zhurgizgen-deputat-qamauga-alyndy-39660352.html
Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген депутат қамауға алынды
Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген депутат қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Ол жанжалдан кейін депутаттық өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеме жасады 26.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-26T13:26+0500
2023-10-26T13:26+0500
2023-10-26T13:26+0500
ақтөбе
депутат
https://sputnik.kz/img/1194/27/11942758_0:201:2926:1847_1920x0_80_0_0_9f5fee1507b9b50e50d59d290a42200c.jpg
АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Ақтөбеде мас күйде көлік басқарған экс-депутатқа сот үкімі шықты, деп хабарлады қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.Оқиға 5 қазанда болған. Ақтөбе қаласында Байшева көшесінде Lexus көлігін жүргізген 53 жастағы әйел жеңіл масаң күйде болғаны анықталған."Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 бабы 1-бөлімі "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" бойынша іс қозғалды. Сот үкімімен айыпталушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды", - дейді ведомство.Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.Экс-депутат мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және жастар жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болды. Сондай-ақ ол фитнес орталықты басқарған.Жанжалдан кейін депутаттық өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеме жасаған.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1194/27/11942758_99:0:2828:2047_1920x0_80_0_0_c7a936ce609623c96ea632d56ac404fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, депутат
Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген депутат қамауға алынды
Ол жанжалдан кейін депутаттық өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеме жасады
АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Ақтөбеде мас күйде көлік басқарған экс-депутатқа сот үкімі шықты, деп хабарлады қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Оқиға 5 қазанда болған. Ақтөбе қаласында Байшева көшесінде Lexus көлігін жүргізген 53 жастағы әйел жеңіл масаң күйде болғаны анықталған.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 бабы 1-бөлімі "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" бойынша іс қозғалды. Сот үкімімен айыпталушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды", - дейді ведомство.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Экс-депутат мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және жастар жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болды. Сондай-ақ ол фитнес орталықты басқарған.
Жанжалдан кейін депутаттық өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеме жасаған.