https://sputnik.kz/20231026/aqsh-ta-22-adamdy-atyp-oltirip-60-adamdy-zharalagan-kudikti-ali-ustalmady-39654359.html
АҚШ-та 22 адамды атып өлтіріп, 60 адамды жаралаған күдікті әлі ұсталмады
АҚШ-та 22 адамды атып өлтіріп, 60 адамды жаралаған күдікті әлі ұсталмады
Sputnik Қазақстан
Күдікті қаланың бірнеше нүктесінде, яғни дәмхана, боулинг ойнайтын орын және супермаркет жанында оқ атқан, деп жазды БАҚ 26.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-26T09:21+0500
2023-10-26T09:21+0500
2023-10-26T09:21+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/03/63/036325_0:27:2889:1652_1920x0_80_0_0_d0dbcf967e4d652dae4fecd35a5e3e24.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. АҚШ-тың Мэн штатындағы Льюистон қаласында болған қайғылы оқиғадан кемінде 22 адам қаза тауып, 60-қа жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Fox News телеарнасына сілтеме жасап.Аталған телеарна оқ жаудырған адам ұсталды деген ақпарат таратқанымен, жергілікті полиция оның әлі бостандықта жүргенін мәлімдеді.Жоғарыда айтылғандай, ықтимал қылмыскер әлі де "қарулы және қауіпті" болып отыр.ABC News телеарнасының хабарлауынша, Кард аримияда қызмет еткен және атыс қаруы бойынша нұсқаушы болып жұмыс істеген. Оның психикалық денсаулығында ауытқулар пайда болып, ол Ұлттық гвардия мекемесінде атыс жүргіземін деп уәде бергеннен кейін осы жазда екі апта психиатриялық ауруханада ем қабылдаған.NBC News хабарлауынша, штаттың құқық қорғау органдары бұл оқиғадан әзірге терроризм белгілері жоқ деп отыр.Льюистондегі оқиға 2023 жылы АҚШ-та атыс қаруы қолданылған барлық қайғылы жағдайлардың ішінде ең көп адам өмірін жалмаған төтенше оқиға ретінде тіркелді. Бұл туралы атыс қаруын қолданумен болған оқиғалар туралы деректерді жинақтайтын Gun Violence Archive (GVA) ұйымы хабарлады.Екінші орында маусым айында 11 адам қаза тапқан Калифорния штатының Монтерей саябағында болған қантөгіс тұр.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/03/63/036325_324:0:2563:1679_1920x0_80_0_0_edbe14970d9bc1347c84e65ebf0ccb24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
АҚШ-та 22 адамды атып өлтіріп, 60 адамды жаралаған күдікті әлі ұсталмады
Күдікті қаланың бірнеше нүктесінде, яғни дәмхана, боулинг ойнайтын орын және супермаркет жанында оқ атқан, деп жазды БАҚ
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. АҚШ-тың Мэн штатындағы Льюистон қаласында болған қайғылы оқиғадан кемінде 22 адам қаза тауып, 60-қа жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды
РИА Новости Fox News телеарнасына сілтеме жасап.
Аталған телеарна оқ жаудырған адам ұсталды деген ақпарат таратқанымен, жергілікті полиция оның әлі бостандықта жүргенін мәлімдеді.
"Льюистонның құқық қорғау органдары күдіктінің кім екенін анықтады, ол әлі бостандықта жүр. Құқық қорғау органдары жаппай атысқа күдікті Роберт Кардтың қай жерде жасырынғанын анықтауға тырысып жатыр", - деп жазылған жергілікті полицияның мәлімдемесінде.
Жоғарыда айтылғандай, ықтимал қылмыскер әлі де "қарулы және қауіпті" болып отыр.
ABC News телеарнасының хабарлауынша, Кард аримияда қызмет еткен және атыс қаруы бойынша нұсқаушы болып жұмыс істеген. Оның психикалық денсаулығында ауытқулар пайда болып, ол Ұлттық гвардия мекемесінде атыс жүргіземін деп уәде бергеннен кейін осы жазда екі апта психиатриялық ауруханада ем қабылдаған.
NBC News хабарлауынша, штаттың құқық қорғау органдары бұл оқиғадан әзірге терроризм белгілері жоқ деп отыр.
Льюистондегі оқиға 2023 жылы АҚШ-та атыс қаруы қолданылған барлық қайғылы жағдайлардың ішінде ең көп адам өмірін жалмаған төтенше оқиға ретінде тіркелді. Бұл туралы атыс қаруын қолданумен болған оқиғалар туралы деректерді жинақтайтын Gun Violence Archive (GVA) ұйымы хабарлады.
Екінші орында маусым айында 11 адам қаза тапқан Калифорния штатының Монтерей саябағында болған қантөгіс тұр.