https://sputnik.kz/20231025/qazaqstandyqtar-ulttyq-meyram--respublika-kunin-toylap-zhatyr-39628209.html
Қазақстандықтар ұлттық мереке – Республика күнін тойлап жатыр
Қазақстандықтар ұлттық мереке – Республика күнін тойлап жатыр
Sputnik Қазақстан
25 қазан күні азаматтар демалады
2023-10-25T08:00+0500
2023-10-25T08:00+0500
2023-10-25T08:26+0500
қоғам
республика
қазан
мейрам
https://sputnik.kz/img/209/17/2091716_0:0:3098:1744_1920x0_80_0_0_f4f3d38cbb11c39fb0e4e647ce60abdb.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстан халқы елдегі жалғыз ұлттық мереке – Республика күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Республика күнінің тарихыРеспублика күнінің тарихы сонау тоқсаныншы жылдардан басталады. 1990 жылы 25 қазанда "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өте бастады. 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет "ұлттық мереке" болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мереке" санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталды.Осылайша он жылдан астам уақыт бойы 25 қазан – Республика күні тойланған жоқ.Қайта жаңғырған мейрам2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған "ұлттық мереке" мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді.Тоқаевтың бастамасы халықтың қолдауына ие болып, дәл сол жылы заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Сөйтіп былтыр Қазақстан халқы ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күнін алғаш рет дүркіретіп атап өтті.Айта кетері, Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам. Республика күні қандай мейрам болуы керекПрезиденттің пікірінше, Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек. Патриоттық, қайырымдылық және волонтерлік іс-шараларды көптеп ұйымдастырған жөн.Мемлекет басшысы Республика күнінің мән-маңызын, оның мықты мемлекет және көзі ашық, көкірегі ояу ұлт қалыптастыруға бағытталған ауқымды өзгерістердің символы ретіндегі терең мағынасын жастарға түсіндіру керек деп санайды.Ұлттық мереке қалай тойланадыРеспублика күні қарсаңында президент жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталады.Мәселен, биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық берілді. Марапатталғандар арасында 298 ұстаз бен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 259 ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері, өндіріс саласының 88 жұмысшысы бар.Сондай-ақ мемлекеттік органдарда Республика күніне орай ресми мерекелік іс-шаралар өтеді.Өңірлерде түрлі концерттік бағдарламалар, фестивальдер, флешмобтар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады.Биыл Астанада Республика күні қарсаңында "Менің елім – менің туым!" челленджі басталды. Акция аясында қала тұрғындары үйінің терезелері мен балкондарына 1000-нан астам ту ілді. Жалпы елордада Республика күніне орай 200-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.Республика күні ұлттық мереке болғандықтан, қазақстандықтар бұл күні демалады.
https://sputnik.kz/20231024/zhursin-erman-dimash-qudaybergen-bir-top-azamat-memlekettik-nagradamen-marapattaldy-39607446.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/209/17/2091716_155:0:2966:2108_1920x0_80_0_0_3e7fa1c794279f3421714d626bd91d80.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
республика күні 25 қазан
Қазақстандықтар ұлттық мереке – Республика күнін тойлап жатыр
08:00 25.10.2023 (жаңартылды: 08:26 25.10.2023) Сәрсенбі, 25 қазан күні азаматтар демалады
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстан халқы елдегі жалғыз ұлттық мереке – Республика күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Республика күнінің тарихы
Республика күнінің тарихы сонау тоқсаныншы жылдардан басталады. 1990 жылы 25 қазанда "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өте бастады. 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет "ұлттық мереке" болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мереке" санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталды.
Осылайша он жылдан астам уақыт бойы 25 қазан – Республика күні тойланған жоқ.
2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған "ұлттық мереке" мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді.
Тоқаевтың бастамасы халықтың қолдауына ие болып, дәл сол жылы заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Сөйтіп былтыр Қазақстан халқы ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күнін алғаш рет дүркіретіп атап өтті.
Айта кетері, Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам.
Республика күні қандай мейрам болуы керек
Президенттің пікірінше, Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек. Патриоттық, қайырымдылық және волонтерлік іс-шараларды көптеп ұйымдастырған жөн.
"Егемендік күні ұлтты ұйыстыратын нағыз елдіктің мейрамына айналуға тиіс. Яғни, осы қастерлі мерекеде Отанға деген шынайы сүйіспеншілікті дәріптеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ іс. Сондықтан бәріміз бір ел болып атсалысайық!", - деп үндеу тастады Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында Ақордада өткен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде.
Мемлекет басшысы Республика күнінің мән-маңызын, оның мықты мемлекет және көзі ашық, көкірегі ояу ұлт қалыптастыруға бағытталған ауқымды өзгерістердің символы ретіндегі терең мағынасын жастарға түсіндіру керек деп санайды.
Ұлттық мереке қалай тойланады
Республика күні қарсаңында президент жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталады.
Мәселен, биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық берілді. Марапатталғандар арасында 298 ұстаз бен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 259 ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері, өндіріс саласының 88 жұмысшысы бар.
Сондай-ақ мемлекеттік органдарда Республика күніне орай ресми мерекелік іс-шаралар өтеді.
Өңірлерде түрлі концерттік бағдарламалар, фестивальдер, флешмобтар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады.
Биыл Астанада Республика күні қарсаңында "Менің елім – менің туым!" челленджі басталды. Акция аясында қала тұрғындары үйінің терезелері мен балкондарына 1000-нан астам ту ілді. Жалпы елордада Республика күніне орай 200-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.
Республика күні ұлттық мереке болғандықтан, қазақстандықтар бұл күні демалады.