https://sputnik.kz/20231025/qazaqstandyq-zhasyl-sutek-europaga-zhetkiziledi-39648591.html
Қазақстандық "жасыл" сутегі Еуропаға жеткізіледі - меморандумға қол қойылды
Қазақстандық "жасыл" сутегі Еуропаға жеткізіледі - меморандумға қол қойылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 қазан - Sputnik. Брюссельде қазақстандық "жасыл" сутегін Еуропаға жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды... 25.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-25T17:57+0500
2023-10-25T17:57+0500
2023-10-25T19:31+0500
қазақстан
көлік
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/19/39648380_0:56:714:458_1920x0_80_0_0_e88354bdfd06a7945373474c8c2fda99.jpg
АЛМАТЫ, 25 қазан - Sputnik. Брюссельде қазақстандық "жасыл" сутегін Еуропаға жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды 24.kz."Global Gateway" халықаралық форумының аясында қазақстандық Құрық портынан Еуропаға "жасыл" сутекті жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Hyrasia One еуропалық компаниясының және Semurg Invest логистикалық терминалдарының қазақстандық операторының басшылары Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев пен Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұханның қатысуымен осы құжатқа қол қойды. Бұл – Маңғыстау облысында жасыл сутекті өндіру және экспорттау жөніндегі бірлескен зауыт салу жобасын іске асыру кезеңдерінің бірі. Шарт Құрық портындағы Саржа жанынанын тағы бір теңіз терминалын салуға мүмкіндік береді. Көлік министрі Марат Қарабаев пен Hyrasia One еуропалық компаниясының бас директоры Вольфганг Кропп осыған қатысты түсінік берді."Жасыл" сутекті аммиак түрінде Еуропа елдеріне тасымалдаумен қазақстандық компания ғана айналысатын болады."Біздің алдын ала есептеулеріміз бойынша біз жыл сайын 11 миллион тоннаға дейін "жасыл" аммиак өндіретін боламыз. Осы өнімді экспортқа тасымалдау үшін біз Құрық портымен және "Саржа" көпфункционалды терминалымен ынтымақтастық жағын қарастырамыз. Жобаны іске асыруға қатысатын жергілікті мамандарды оқытуды жоспарлап отырмыз", - дейді. Hyrasia One компаниясының бас директоры Вольфганг Кропп.Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық Құрық порты Азия, Таяу Шығыс және басқа да нарықтарға шығу үшін жаһандық сутегі терминалы бола алады. Мамандар Транскаспий бағытын Қазақстан, Әзербайжан және Грузия порттары арқылы ең перспективалы бағыттардың бірі деп атайды. Дәліздің жалпы ұзындығы 8700 шақырымнан асады. Жеткізу мерзімі шамамен 25 күнге дейін жоспарланған.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/19/39648380_0:0:714:537_1920x0_80_0_0_3fcbe0efb7b23c427a83b2cdc57604b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, көлік
АЛМАТЫ, 25 қазан - Sputnik. Брюссельде қазақстандық "жасыл" сутегін Еуропаға жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды 24.kz.
"Global Gateway" халықаралық форумының аясында қазақстандық Құрық портынан Еуропаға "жасыл" сутекті жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Hyrasia One еуропалық компаниясының және Semurg Invest логистикалық терминалдарының қазақстандық операторының басшылары Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев пен Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұханның қатысуымен осы құжатқа қол қойды. Бұл – Маңғыстау облысында жасыл сутекті өндіру және экспорттау жөніндегі бірлескен зауыт салу жобасын іске асыру кезеңдерінің бірі. Шарт Құрық портындағы Саржа жанынанын тағы бір теңіз терминалын салуға мүмкіндік береді. Көлік министрі Марат Қарабаев пен Hyrasia One еуропалық компаниясының бас директоры Вольфганг Кропп осыған қатысты түсінік берді.
"Hyrasia немец неміс компаниясы Қазақстанда қуаттылығы 40 ГВатт болатын "жасыл" сутекті өндіру жобасын іске асырып жатыр, оған 50 АҚШ доллары инвестицияланады. Қазір жерасты бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, бұл – жобаның бастамасы. Енді компания" жасыл" сутекті Еуропа елдеріне қалай тасымалдау керектігін өз алдына міндет етіп қойып отыр. Қазақстандық Semurg Invest компаниясы бас тасымалдаушы ретінде әрекет етеді. Келісім бойынша жыл сайын 2 миллион тонна "жасыл" сутегі өндіріледі, егер аммиак түрінде болса, бұл 11 миллион тонна болады", - дейді ҚР көлік министрі Марат Қарабаев
"Жасыл" сутекті аммиак түрінде Еуропа елдеріне тасымалдаумен қазақстандық компания ғана айналысатын болады.
"Біздің алдын ала есептеулеріміз бойынша біз жыл сайын 11 миллион тоннаға дейін "жасыл" аммиак өндіретін боламыз. Осы өнімді экспортқа тасымалдау үшін біз Құрық портымен және "Саржа" көпфункционалды терминалымен ынтымақтастық жағын қарастырамыз. Жобаны іске асыруға қатысатын жергілікті мамандарды оқытуды жоспарлап отырмыз", - дейді. Hyrasia One компаниясының бас директоры Вольфганг Кропп.
Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық Құрық порты Азия, Таяу Шығыс және басқа да нарықтарға шығу үшін жаһандық сутегі терминалы бола алады. Мамандар Транскаспий бағытын Қазақстан, Әзербайжан және Грузия порттары арқылы ең перспективалы бағыттардың бірі деп атайды. Дәліздің жалпы ұзындығы 8700 шақырымнан асады. Жеткізу мерзімі шамамен 25 күнге дейін жоспарланған.