https://sputnik.kz/20231025/paraziadada-qazaqstan-qorzhyny-tagy-medaldarmen-tolyqty-39645682.html
Паразиадада Қазақстан қоржыны тағы медальдармен толықты
Паразиадада Қазақстан қоржыны тағы медальдармен толықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия параойындарында Қазақстан қоржынына үш күміс, бес қола медаль түсті. 25.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-25T15:47+0500
2023-10-25T15:47+0500
2023-10-25T15:47+0500
азиада
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/17/39567488_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_c1d247a384e638619f4a60ee146afcbe.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия параойындарында Қазақстан қоржынына үш күміс, бес қола медаль түсті.Қазақстандық атлет Ерлан Өтепов парадзюдодан күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ 80 кг салмақ дәрежесінде (К44) өнер көрсеткен қазақстандық атлет Нышан Өмірәлі паратаэквондодан күміс медаль иегері атанды. Финалда біздің отандасымыз Ираннан келген спортшыға есе жіберді. 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Жанбота Аманжол да (J2) пара дзюдодан күміс медаль иегері атанды. Алтын медаль үшін күресте ол Кореядан келген спортшы Ли Джунгке есе жіберді.90+ кг салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Моңғолиядан келген спортшы Ганбат Даштсеранға есе жіберді.Сондай-ақ қазақстандық спортшы Әлішер Гариполлаев паратаэквондодан қола медаль еншіледі.Үшінші орын үшін күресте отандасымыз жапониялық палуан Чакир Итоны 34:11 есебімен жеңді.Жекпе-жек (К44) 80+ кг салмақ дәрежесіндегі паратаеквондошылар арасында өтті.Ерлан Қонкиев Ханчжоуда өтіп жатқан Азия параойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алды.Үшінші орын үшін күресте біздің отандасымыз қытайлық палуан Ли Пенді 10:0 есебімен жеңді.Бәсеке J2 санатында 90+ кг салмақ дәрежесіндегі парадзюдошылар арасында өтті.90+ кг салмақта өнер көрсеткен Талғат Әжғалиев (J2 санаты) парадзюдодан қола жүлдегер атанды.Медаль үшін күресте ол индонезиялық спортшыны жеңді.Қазақстандық спортшы Ғалымжан Смағұлұлы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының аясында дзюдодан қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен тартыста біздің отандасымыз Өзбекстаннан келген палуанды жеңді. Жекпе-жек J2 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі палуандар арасында өтті.Нұрлан Домбаев пара таэквондодан қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен сайыста біздің отандасымыз Қытайдан келген палуанды 8:6 есебімен жеңді. Жекпе-жек 80 кг (К44) дейінгі салмақ дәрежесіндегі таекондошылар арасында өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/17/39567488_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_1cd5b62a2424bffede0ecc6c22cbd558.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азиада, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар
азиада, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия параойындарында Қазақстан қоржынына үш күміс, бес қола медаль түсті.
Қазақстандық атлет Ерлан Өтепов парадзюдодан күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ 80 кг салмақ дәрежесінде (К44) өнер көрсеткен қазақстандық атлет Нышан Өмірәлі паратаэквондодан күміс медаль иегері атанды. Финалда біздің отандасымыз Ираннан келген спортшыға есе жіберді.
90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Жанбота Аманжол да (J2) пара дзюдодан күміс медаль иегері атанды. Алтын медаль үшін күресте ол Кореядан келген спортшы Ли Джунгке есе жіберді.
90+ кг салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Моңғолиядан келген спортшы Ганбат Даштсеранға есе жіберді.
Сондай-ақ қазақстандық спортшы Әлішер Гариполлаев паратаэквондодан қола медаль еншіледі.
Үшінші орын үшін күресте отандасымыз жапониялық палуан Чакир Итоны 34:11 есебімен жеңді.
Жекпе-жек (К44) 80+ кг салмақ дәрежесіндегі паратаеквондошылар арасында өтті.
Ерлан Қонкиев Ханчжоуда өтіп жатқан Азия параойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін күресте біздің отандасымыз қытайлық палуан Ли Пенді 10:0 есебімен жеңді.
Бәсеке J2 санатында 90+ кг салмақ дәрежесіндегі парадзюдошылар арасында өтті.
90+ кг салмақта өнер көрсеткен Талғат Әжғалиев (J2 санаты) парадзюдодан қола жүлдегер атанды.
Медаль үшін күресте ол индонезиялық спортшыны жеңді.
Қазақстандық спортшы Ғалымжан Смағұлұлы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының аясында дзюдодан қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен тартыста біздің отандасымыз Өзбекстаннан келген палуанды жеңді. Жекпе-жек J2 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі палуандар арасында өтті.
Нұрлан Домбаев пара таэквондодан қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен сайыста біздің отандасымыз Қытайдан келген палуанды 8:6 есебімен жеңді. Жекпе-жек 80 кг (К44) дейінгі салмақ дәрежесіндегі таекондошылар арасында өтті.