https://sputnik.kz/20231025/eaeo-nyn-ozin-ozi-azyq-tulikpen-qamtamasyz-etu-dengeyi-93-ke-zhetti-39646503.html
ЕАЭО-ның өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі 93%-ке жетті
ЕАЭО-ның өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі 93%-ке жетті
Sputnik Қазақстан
Бұл нәтижеге агроөнеркәсіптегі өзара жақсы саясаттың арқасында қол жеткізілді, деп есептейді ЕЭК 25.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-25T16:49+0500
2023-10-25T16:49+0500
2023-10-25T16:49+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/08/15/37823543_1:0:3640:2047_1920x0_80_0_0_b2cbb2914fdcb3daddb6502afea7d250.jpg
АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. ЕАЭО-ның азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуі 93%-ке жетті, деп есептейді ЕЭК агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян. "Өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі бойынша біз 93% - ға жеттік, бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл, менің ойымша, бүгінгі таңда АӨК басқарудың ең революциялық әдістерінің бірі болып табылады", - деді ол ЕЭК арнасындағы "Еуразиялық подкаст" бағдарламасында. Басқару әдістері ірі агроөнеркәсіп және шағын шаруашылықтар үшін де қолданылады, деп түсіндірді департамент директоры. Арутюнян ауыл шаруашылығындағы келісілген саясат туралы да айтты. Мақсаты біріншіден, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, екіншіден өзара сауданы ұлғайту және үшіншіден экспортты ынталандыру. Осы үш тармақтың барлығы өндірушілердің де, халықтың да өмірін жақсартуға бағытталған. ЕАЭО бұл тапсырманы сәтті орындап жатыр, деп атап өтті Арутюнян.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/15/37823543_456:0:3185:2047_1920x0_80_0_0_2ab48919adc23740e84c88cfa4b41862.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО-ның өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі 93%-ке жетті
Бұл нәтижеге агроөнеркәсіптегі өзара жақсы саясаттың арқасында қол жеткізілді, деп есептейді ЕЭК
АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. ЕАЭО-ның азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуі 93%-ке жетті, деп есептейді ЕЭК агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян.
"Өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі бойынша біз 93% - ға жеттік, бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл, менің ойымша, бүгінгі таңда АӨК басқарудың ең революциялық әдістерінің бірі болып табылады", - деді ол ЕЭК арнасындағы "Еуразиялық подкаст" бағдарламасында.
Басқару әдістері ірі агроөнеркәсіп және шағын шаруашылықтар үшін де қолданылады, деп түсіндірді департамент директоры.
"Бізде материалдық-техникалық ресурстарға, өндірістік құралдарға өте жоғары тәуелділік бар. Ал қазір біз өз елімізде материалдық-техникалық құралдардың неғұрлым тиімді өндірілуіне ықпал ету үшін қажеттінің бәрін жасаймыз", - деп атап өтті ол.
Арутюнян ауыл шаруашылығындағы келісілген саясат туралы да айтты. Мақсаты біріншіден, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, екіншіден өзара сауданы ұлғайту және үшіншіден экспортты ынталандыру.
Осы үш тармақтың барлығы өндірушілердің де, халықтың да өмірін жақсартуға бағытталған. ЕАЭО бұл тапсырманы сәтті орындап жатыр, деп атап өтті Арутюнян.