https://sputnik.kz/20231025/astana-auezhayynda-zhuk-tieushiler-zholaushylardyn-shabadanynan-altyn-men-aqsha-urlap-kelgen-39642838.html
Астана әуежайында жүк тиеушілер жолаушылардың шабаданынан алтын мен ақша ұрлап келген
Астана әуежайында жүк тиеушілер жолаушылардың шабаданынан алтын мен ақша ұрлап келген
Sputnik Қазақстан
Көлік полицейлері 6 жүк тиеушіні ұстады 25.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-25T11:55+0500
2023-10-25T11:55+0500
2023-10-25T11:55+0500
қоғам
астана әуежайы
жолаушы
жүк
https://sputnik.kz/img/550/48/5504892_0:573:1100:1192_1920x0_80_0_0_30b81aaa3e1d8742aa78b548c4ed7351.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Елорда әуежайында жүк ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияның ақпаратынша, соңғы уақытта Астана қаласының халықаралық әуежайында жолаушылардың шабадандарын рұқсатсыз ашып, ақша, алтын бұйымдар мен басқа да бағалы заттарды ұрлау фактілері жиілеген.Мәселен биыл тамызда "Астана – Стамбул" рейсінің жолаушысы ұшып келгеннен кейін шабаданынан 19 мың доллар жоғалғанын анықтады. Жол жүгінен 7 800 доллар ұрланғаны туралы шағым "Астана – Дубай" рейсінің жолаушысынан да түскен.Ұсталғандар өз кінәсін мойындады. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осыған ұсқас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.Тергеу органы елордалық әуежайға қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізді.
https://sputnik.kz/20231001/astanadagy-auezhayda-turaqtyn-bagasy-qymbattady--38920526.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/550/48/5504892_0:470:1100:1295_1920x0_80_0_0_6ae8955710d180b6f5e424a3d046f85f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана әуежайы, жолаушы, жүк
астана әуежайы, жолаушы, жүк
Астана әуежайында жүк тиеушілер жолаушылардың шабаданынан алтын мен ақша ұрлап келген
Көлік полицейлері 6 жүк тиеушіні ұстады
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Елорда әуежайында жүк ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Полицияның ақпаратынша, соңғы уақытта Астана қаласының халықаралық әуежайында жолаушылардың шабадандарын рұқсатсыз ашып, ақша, алтын бұйымдар мен басқа да бағалы заттарды ұрлау фактілері жиілеген.
Мәселен биыл тамызда "Астана – Стамбул" рейсінің жолаушысы ұшып келгеннен кейін шабаданынан 19 мың доллар жоғалғанын анықтады. Жол жүгінен 7 800 доллар ұрланғаны туралы шағым "Астана – Дубай" рейсінің жолаушысынан да түскен.
"Осыған байланысты көлік полицейлері көлік прокуратурасымен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде осы қылмыстарды жасады деген күдікпен әуе айлағында жүк тиеуші болып жұмыс істеген 6 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады", - делінген хабарламада.
Ұсталғандар өз кінәсін мойындады. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осыған ұсқас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Тергеу органы елордалық әуежайға қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізді.