Жыл басынан бері 100 мыңнан астам автокөлік шығарылды

© Photo : allurgroup.kz Архивтегі фото
 Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Жазылу
Жылдық өндіріс өсімі 40%-ға жуықтады
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Тоғыз айда Қазақстанда 109 552 автокөлік шығарылды, деп хабарлады "Қазақстан автомобиль одағының" баспасөз қызметі. Өнімнің құны 1,3 триллион теңгеден асады.
Өткен жылмен салыстырғанда өсім 39,2%-ды құрады.
Қыркүйек айында елімізде жалпы құны 156 миллиард теңгені құрайтын 12 231 көлік дайындалды. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш 9 865 көлік және 105,7 миллиард теңгені құрап, бұл биылғымен салыстырғанда 24% пайыз өсім көрсетті.
Автомобильдер мен коммерциялық көліктер өндірісі 39,2%-ға өсті.
Қазақстандағы машина жасаудағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 44,5%-ды құрады.
Хабарламада қазақстандық автомобиль нарығы инвестиция тартуды жалғастырып жатқаны айтылған. Қостанайда жаңа Kia зауыты салынып жатыр және қазан айында Skoda брендінің қайта оралғаны туралы белгілі болды.
Сонымен қатар елімізде автомобиль бөлшектерін шығаратын цехтар да салынып жатыр.
Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібі өнімінің негізгі көлемі (88%) Қостанай облысы мен Алматы қаласында шоғырланған: тиісінше 596,6 миллиард және 418,8 миллиард теңге.
Жаңалықтар
0