https://sputnik.kz/20231024/toqaev-qazaqstandyq-zhastar-qanday-boluy-kerek-ekenin-aytty-39612473.html
Тоқаев қазақстандық жастар қандай болуы керек екенін айтты
Тоқаев қазақстандық жастар қандай болуы керек екенін айтты
Sputnik Қазақстан
Президент жастарға арнайы үндеу жолдады 24.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-24T11:17+0500
2023-10-24T11:17+0500
2023-10-24T11:17+0500
қоғам
жастар
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1021/66/10216650_0:82:2501:1488_1920x0_80_0_0_e9c18969e466531848349b3ba0e2e228.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қандай ел болары өскелең ұрпаққа байланысты екенін айтты.Президенттің айтуынша, елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформа қоғамдық сананың түбегейлі өзгерісіне ұласуы керек."Мен бұған дейін Адал азамат ұғымын ұсындым. Осы орайда жастарымызға арнайы үндеу жолдағым келеді. Елімізде жүзеге асырылып жатқан әрбір бастама, ең алдымен, сіздерге арналады. Қазіргі реформалардың игілігін көретін де, елдік істерді жалғастыратын да – сіздер", - дейді Тоқаев Республика күні қарсаңында Ақордада өткен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде.Мемлекет басшысының пікірінше, бүгінгі жастар – Қазақстанның келбеті. Осы орайда ол Қазақстан жастары қандай болуы керек екенін айтты.Тоқаев жастарды "жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге, ұлы Абай айтқан бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуға" шақырды."Сіздер дәріптеген құндылықтар қоғамда тез орнығады. Сіздер қолдаған өзгерістер жылдам жүзеге асады. Бәріміздің тілегіміз – бір, бұл – қоғамымызда жаппай әділеттік орнату. Ендеше, мақсатымызға бірге жетейік. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін. Өздеріңіз сияқты саналы ұл-қыздары бар Қазақстан өркениет көшінің басында болары сөзсіз", - деп сенім білдірді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20231024/zhetistiktermen-birge-qatelikter-de-boldy-ony-umytpagan-zhon--prezident-39611643.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1021/66/10216650_204:0:2295:1568_1920x0_80_0_0_2e559c1ce34d035cc9822196d8fd2137.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, қасым-жомарт тоқаев
жастар, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев қазақстандық жастар қандай болуы керек екенін айтты
Президент жастарға арнайы үндеу жолдады
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қандай ел болары өскелең ұрпаққа байланысты екенін айтты.
Президенттің айтуынша, елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформа қоғамдық сананың түбегейлі өзгерісіне ұласуы керек.
"Мен бұған дейін Адал азамат ұғымын ұсындым. Осы орайда жастарымызға арнайы үндеу жолдағым келеді. Елімізде жүзеге асырылып жатқан әрбір бастама, ең алдымен, сіздерге арналады. Қазіргі реформалардың игілігін көретін де, елдік істерді жалғастыратын да – сіздер", - дейді Тоқаев Республика күні қарсаңында Ақордада өткен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде.
Мемлекет басшысының пікірінше, бүгінгі жастар – Қазақстанның келбеті. Осы орайда ол Қазақстан жастары қандай болуы керек екенін айтты.
"Шын мәнінде, кез келген мемлекетті тұрғындарына қарап бағалайды. Яғни, біздің қандай ел боларымыз өскелең ұрпаққа байланысты. Сондықтан жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор, үнемшіл, әділ әрі жанашыр болуы қажет. Жастар спортпен, дене шынықтырумен айналысуы керек. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Осы құндылықтарды барынша насихаттап, тарату қажет. Сонда жеке адамның қасиеті тұтас ұлттың қасиетіне айналады", - деді президент.
Тоқаев жастарды "жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге, ұлы Абай айтқан бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуға" шақырды.
"Сіздер дәріптеген құндылықтар қоғамда тез орнығады. Сіздер қолдаған өзгерістер жылдам жүзеге асады. Бәріміздің тілегіміз – бір, бұл – қоғамымызда жаппай әділеттік орнату. Ендеше, мақсатымызға бірге жетейік. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін. Өздеріңіз сияқты саналы ұл-қыздары бар Қазақстан өркениет көшінің басында болары сөзсіз", - деп сенім білдірді мемлекет басшысы.