https://sputnik.kz/20231024/tapansha-ustagan-bozbala-aurukhanada-dariger-men-nauqasty-soqqyga-zhyqty-39609965.html
Тапанша ұстаған бозбала ауруханада дәрігер мен науқасты соққыға жықты
Тапанша ұстаған бозбала ауруханада дәрігер мен науқасты соққыға жықты
Sputnik Қазақстан
Аурухана қызметкерлері жасөспірімнің осымен бірнеше рет агрессия танытып жатқанын айтты 24.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-24T09:20+0500
2023-10-24T09:20+0500
2023-10-24T09:20+0500
тапанша
дәрігер
науқас
https://sputnik.kz/img/24/85/248558_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_6c8a9e2c5517bf26a41785f377681cf4.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Петропавл қаласында 17 жастағы жігіт тапаншапен балалар ауруханасына баса көктеп кіріп, дәрігер мен пациент қызды соққыға жықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұл оқиға 23 қазанда сағат 11:30 шамасында болған. 17-18 жастағы үш жігіт аурухана ғимаратына рұқсатсыз кіріп келген. Медицина қызметкерлері мен күзетке де қарамаған. Барлық ескертуге балағат сөзбен жауап берген."Одан кейін екінші қабатта жатқан 15 жастағы қызға көтерілді. Оның сүйегі сынған. Соған қарамай, дәлізге шығарып, кушеткаға отырғызып қойды. Ал 17 жастағы жігіт оны қолымен басынан ұра бастады", - дейді аурухананың бас дәрігері Нұрлан Айманов.Медбикелер де жүгіріп шыққан. Барлығы жанжалды тоқтатуға тырысқан. Сол кезде басбұзар қыздың балдағын алып, үшкір жағымен неврапотолог дәрігердің ішінен бір ұрған.Жасөспірім дала шығып бара жатқанда тағы бір пластикалық есікті теуіп сындырған. Ауруханаға қызметкерлері полицияны шақырды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталып кетті. Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірім осымен бірнеше рет агрессия танытып жатыр."Төртінші рет-ау деймін. Бірақ осы жолы тым қатты кетті, сол себепті біз полицияны шақырдық. Жарақат алған неврапотолог сот-медициналық сараптамадан өтеді", - деді Айманов.Бірнеше ай бұрын басбұзар дәл сол қызды әкелген. Сонда аяғында жарақаты болған. Ал жасөспірім кірген бойда балағат сөз айтып, травмотолог дәрігерді бетінен бір ұрған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/24/85/248558_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_b223808ed06cf07256330cabd0b89096.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тапанша, дәрігер, науқас
Тапанша ұстаған бозбала ауруханада дәрігер мен науқасты соққыға жықты
Аурухана қызметкерлері жасөспірімнің осымен бірнеше рет агрессия танытып жатқанын айтты
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Петропавл қаласында 17 жастағы жігіт тапаншапен балалар ауруханасына баса көктеп кіріп, дәрігер мен пациент қызды соққыға жықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл оқиға 23 қазанда сағат 11:30 шамасында болған. 17-18 жастағы үш жігіт аурухана ғимаратына рұқсатсыз кіріп келген. Медицина қызметкерлері мен күзетке де қарамаған. Барлық ескертуге балағат сөзбен жауап берген.
"Одан кейін екінші қабатта жатқан 15 жастағы қызға көтерілді. Оның сүйегі сынған. Соған қарамай, дәлізге шығарып, кушеткаға отырғызып қойды. Ал 17 жастағы жігіт оны қолымен басынан ұра бастады", - дейді аурухананың бас дәрігері Нұрлан Айманов.
Медбикелер де жүгіріп шыққан. Барлығы жанжалды тоқтатуға тырысқан. Сол кезде басбұзар қыздың балдағын алып, үшкір жағымен неврапотолог дәрігердің ішінен бір ұрған.
"Сосын қалтасынан тапаншаны алып шығып, бәрін қорқыта бастады, балағат сөз айтты. Одан кейін бірінші қабатқа түсті. Ал кетіп бара жатқанда есіктің шынысын сындырды, қолы қанап кетті. Төменде отырған балалар мен ата-аналар қорқып кетті", - дейді бас дәрігер.
Жасөспірім дала шығып бара жатқанда тағы бір пластикалық есікті теуіп сындырған. Ауруханаға қызметкерлері полицияны шақырды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталып кетті. Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірім осымен бірнеше рет агрессия танытып жатыр.
"Төртінші рет-ау деймін. Бірақ осы жолы тым қатты кетті, сол себепті біз полицияны шақырдық. Жарақат алған неврапотолог сот-медициналық сараптамадан өтеді", - деді Айманов.
Бірнеше ай бұрын басбұзар дәл сол қызды әкелген. Сонда аяғында жарақаты болған. Ал жасөспірім кірген бойда балағат сөз айтып, травмотолог дәрігерді бетінен бір ұрған.