https://sputnik.kz/20231024/ridder-zheo-nyn-buryngy-basshylygy-tergeuge-alyndy-39610380.html
Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан
Олар мемлекетке аса ірі көлемде - 4,1 млрд теңгеге залал келтіргені үшіп айыпталып отыр 24.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-24T09:43+0500
2023-10-24T09:43+0500
2023-10-24T09:43+0500
риддер
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/06/39110754_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2962b733875624dfa402f169173fa6de.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылығының қазандықтарды күрделі жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазіргі кезде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылары тергеуге алынды. Олар алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырған. Осылайша мемлекетке аса ірі көлемде - 4,1 млрд теңгеге залал келтіргені үшіп айыпталып отыр.Тергеу материалдарына сәйкес, жөндеу жұмыстарына арналған қаражат жүйелі түрде ұрланған. Соның салдарынан ЖЭО жабдықтары тозып, жылу энергиясын беру жүйесі бірнеше рет істен шықты."2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсету, қазандықтарға, жылу желілеріне және турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорындармен жалған келісімшарттар жасап, уәкілетті органға жалған есептер ұсынған", - делінген ресми хабарламада.Тергеу барысында Риддер қаласындағы жылу энергиясын өндіру станциясын мемлекет меншігіне беруден келген шығын өтелді. Оның көлемі шамамен 5,5 млрд теңгені құрайды.
https://sputnik.kz/20230324/ridder-totenshe-zhagday-rezhimi-zhariyalandy-33237500.html
риддер
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/06/39110754_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_12604fb8f103d13cfc910e9add40ce17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
риддер
Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Олар мемлекетке аса ірі көлемде - 4,1 млрд теңгеге залал келтіргені үшіп айыпталып отыр
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылығының қазандықтарды күрделі жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазіргі кезде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылары тергеуге алынды. Олар алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырған. Осылайша мемлекетке аса ірі көлемде - 4,1 млрд теңгеге залал келтіргені үшіп айыпталып отыр.
Тергеу материалдарына сәйкес, жөндеу жұмыстарына арналған қаражат жүйелі түрде ұрланған. Соның салдарынан ЖЭО жабдықтары тозып, жылу энергиясын беру жүйесі бірнеше рет істен шықты.
"2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсету, қазандықтарға, жылу желілеріне және турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорындармен жалған келісімшарттар жасап, уәкілетті органға жалған есептер ұсынған", - делінген ресми хабарламада.
Тергеу барысында Риддер қаласындағы жылу энергиясын өндіру станциясын мемлекет меншігіне беруден келген шығын өтелді. Оның көлемі шамамен 5,5 млрд теңгені құрайды.