https://sputnik.kz/20231024/qazaqstan-men-ontustik-koreya-5-zhana-zhobany-zhuzege-asyrady-39609537.html
Қазақстан мен Оңтүстік Корея 5 жаңа жобаны жүзеге асырады
Қазақстан мен Оңтүстік Корея 5 жаңа жобаны жүзеге асырады
Sputnik Қазақстан
Кейінгі 18 жылда Қазақстанға Оңтүстік Кореядан $9,2 млрд-қа жуық инвестиция тартылған 24.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-24T08:17+0500
2023-10-24T08:17+0500
2023-10-24T08:17+0500
оңтүстік корея
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/18/39608375_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_d18083c0aaad64c798986c91c03dfd4c.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гын құны $1,5 млрд-тық жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Смайылов былтыр тауар айналымы 2,3 есе өсіп, $6,1 млрд-тан асқанын, ал биылғы жылдың 8 айында тағы 11%-ға артқанын атап өтті.Сондай-ақ ол Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында екенін еске салды. Атап айтқанда, кейінгі18 жылда Қазақстанға $9,2 млрд-қа жуық инвестиция тартылған. Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық – $1,5 млрд-қа жетті.Премьер-Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта елімізде 700-ден астам кореялық кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішіндегі ірі компаниялар – KIA, Hyundai, Samsung және LG.Ал Ан Док Гын Оңтүстік Корея Қазақстанмен экономиканың әртүрлі саласы бойынша белсенді технологиялық ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/18/39608375_135:0:946:608_1920x0_80_0_0_696ba1fd77dfaf58fc38e0cc93eb8528.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея, әлихан смайылов
оңтүстік корея, әлихан смайылов
Қазақстан мен Оңтүстік Корея 5 жаңа жобаны жүзеге асырады
Кейінгі 18 жылда Қазақстанға Оңтүстік Кореядан $9,2 млрд-қа жуық инвестиция тартылған
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гын құны $1,5 млрд-тық жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Бүгінде жалпы құны $1,5 млрд болатын 5 жоба жүзеге асыруға дайын және жалпы құны шамамен $500 млн-дық тағы 25 перспективалық жоба әзірленуде. Айқын мысал ретінде, Қостанайдағы жылына 70 мың автокөлік өндіруге қуаты бар, инвестиция көлемі $190 млн жаңа ірі KIA зауытының құрылысын атауға болады", — деді Әлихан Смайылов.
Смайылов былтыр тауар айналымы 2,3 есе өсіп, $6,1 млрд-тан асқанын, ал биылғы жылдың 8 айында тағы 11%-ға артқанын атап өтті.
Сондай-ақ ол Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында екенін еске салды. Атап айтқанда, кейінгі18 жылда Қазақстанға $9,2 млрд-қа жуық инвестиция тартылған. Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық – $1,5 млрд-қа жетті.
Премьер-Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта елімізде 700-ден астам кореялық кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішіндегі ірі компаниялар – KIA, Hyundai, Samsung және LG.
Ал Ан Док Гын Оңтүстік Корея Қазақстанмен экономиканың әртүрлі саласы бойынша белсенді технологиялық ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.