Мәскеуде қазақстандық студенттер жоғары технологияларды қалай меңгеріп жатыр

© Photo : предоставлено НИУ МИЭТҚазақстандық студенттер жоғары технологияларды меңгеріп жатыр
Қазақстандық студенттер жоғары технологияларды меңгеріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Жазылу
Ресейдегі жетекші техникалық университеттердің бірі "Мәскеу электронды технологиялар институты" ұлттық зерттеу университеті – МЭТИ ҰЗУ бүгінде бюджет есебінен жоғары технологиялық мамандықтар бойынша оқытады
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Басты әлемдік рейтингке енген университеттің дипломын Мәскеуде ғана емес, Астанада да алуға болады.
Отандас мәртебесіне ие қазақстандық талапкерлер "МЭТИ" Ұлттық зерттеу университетіне (ҰЗУ) оқуға түсу емтихандарын қашықтан тапсыру, Ресей Федерациясы үкіметінің квотасы бойынша бюджеттік негізде бакалавриат санатында оқуға түсу және шәкіртақы алу мүмкіндігін пайдалана алады.
Қазақстаннан Мәскеуге биотехникалық жүйелер мен технологияларды үйренуге келген МЭТИ-дің 1-ші курс студенті Виктория Деревнина дәл осылай жасады.
© Photo : предоставлено НИУ МИЭТВиктория Деревнина
Cтуденты из Казахстана осваивают высокие технологии - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Виктория Деревнина
"2022 жылдың күзінде, яғни мен әлі мектепте 11-сыныпта оқып жүргенімде Россотрудничество квотасын алуға өтініш жолдадым. Ол үшін "Ресейдегі білім" сайтында портфолио толтырып, барлық құжатты тіркедім. Содан кейін МЭТИ маған хат жіберді, онда мен ұсынған портфолио жақсы деп бағаланған. Сондықтан мен іріктеудің бірінші кезеңінен өттім. Екінші кезеңде, яғни 2023 жылдың сәуір айында математика мен физикадан қашықтан екі емтихан тапсырдым. Мамыр айында емтихан нәтижелері жарияланып, мен жоғары балл жинағаным белгілі болды да, мен МЭТИ-ге қабылдандым", - деді Виктория.
© Photo : предоставлено НИУ МИЭТМәскеу электронды технологиялар институты
Cтуденты из Казахстана осваивают высокие технологии - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Мәскеу электронды технологиялар институты
Еске салсақ, дәл қазір сайтта оқуға квота алып, 2024 жылы МЭТИ-ге түскісі келетін отандас-талапкерлерді тіркеу жүріп жатыр.
Қазақстаннан МЭТИ-ге түскен бірінші курс студенттеріне жаңа жерге бейімделуде қолдау мен көмек көрсетіледі, деді 3-ші курс студенті Никита Кабаев. Мәскеуге Қазақстаннан келген ол бүгінде радиотехника мамандығын ойдағыдай меңгеріп қана қоймай, МЭТИ-дегі шетелдік студенттер қауымдастығын басқарады.
© Photo : Предоставлено НИУ МИЭТНикита Кабаев
Никита Кабаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Никита Кабаев
"Жаңадан келгендерге оқуға түсу кезінде оқу орнының қызметкерлері қашықтан көмек көрсетеді, ал олар Мәскеуге келген сәттен бастап бұл іске шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі студенттік кеңестің мүшелері тартылады. Ең бастысы – бұл бадди-тәлімгерлік (ағылшын тіліндегі buddy – "дос" сөзінен). Әрбір жаңадан келген студентке ерікті студенттер қатарынан жеке бадди-тәлімгер беріледі. Ол оны әуежайдан қарсы алып, жатақханаға орналасуға, МЭТИ-ге жетуге, Зеленоградты көрсетуге көмектеседі. Сондай-ақ тәлімгер тіркеу, медициналық тексеру, Мәскеу тұрғынының картасын ресімдеу және басқа да қажетті құжаттардың ерекшеліктерін түсіндіре алады", - деді Никита.
© Photo : предоставлено НИУ МИЭТУниверситет кітапханасы
Cтуденты из Казахстана осваивают высокие технологии - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Университет кітапханасы
Оның айтуынша, жаңадан келгендердің бейімделуіне көмек көрсету бірінші курс бойы жалғасады. Шетелдік студенттермен кездесулер, экскурсиялар, Мәскеудегі мәдени іс-шараларға саяхаттар өткізіледі. Мұнда бірінші курс студенттері басқа топтардан достар таба алады. Екінші семестрде халықаралық студенттер өз елдерін таныстыратын көрме ұйымдастырады.
Никитаның пікірінше, МЭТИ-де оқитын қазақстандық студенттер көптеген артықшылыққа иеболады.
© Photo : предоставлено НИУ МИЭТУниверситетте спорт пен салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөлінеді
Cтуденты из Казахстана осваивают высокие технологии - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Университетте спорт пен салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөлінеді
"Біріншіден, бұл жұмысқа орналасу мен жоғары табысқа жол ашатын білімнің жоғары сапасы. Екіншіден, студенттер екінші немесе үшінші курстан бастап толық емес жұмыс күні бойынша жұмыс істей алады, ал төртінші курстан бастап өз мамандығы бойынша толыққанды тәжірибеден өте алады. Үшіншіден, МЭТИ-дегі барлық шетелдік студентке университеттен қол созым жерде орналасқан жатақханадан орын беріледі. Бұл Мәскеу үшін өте ыңғайлы, күніне екі сағат уақытты жолға жұмсаудың қажеті жоқ", - деді ол.
© Photo : предоставлено НИУ МИЭТЖоғарыдан қарағанда университет кампусы микросхемаға ұқсайды
Cтуденты из Казахстана осваивают высокие технологии - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Жоғарыдан қарағанда университет кампусы микросхемаға ұқсайды
Бакалавриатты аяқтаған Қазақстан азаматтары үшін елден шықпай-ақ МЭТИ магистратурасының дипломын алу мүмкіндігі бар. Өйткені 2021 жылдан бастап МЭТИ мен Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) арасында бірлескен магистратура бағдарламасы іске қосылған.
Бірлескен бағдарлама екі университеттің пәндері мен тәжірибелерін шамамен тең көлемде қамтиды, деді жоба кураторы, МЭТИ ҰЗУ Нано және микрожүйелік техника институты директорының орынбасары Галина Косолапова.
© предоставлено НИУ МИЭТЦифрлық дизайн институтының аудиториясы
Cтуденты из Казахстана осваивают высокие технологии - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Цифрлық дизайн институтының аудиториясы
"Келісімге сәйкес талапкерлер екі университетке қабылданады –МЭТИ-де "Электрондық құралдарды жобалау және технологиялары", ал ЕҰУ-де "Телекоммуникация" деп аталатын бағдар бойынша біздің оқу орнына да, Еуразия ұлттық университетіне де оқуға түсе алады. Оқу жоспарына сәйкес, кейбір пәндер Қазақстанда оффлайн, ал екінші бөлігі МЭТИ-де онлайн форматта оқытылады. Оқу орыс тілінде өтеді", - деді ол.
© Photo : предоставлено НИУ МИЭТУниверситеттің 2022 жылғы түлегі
Cтуденты из Казахстана осваивают высокие технологии - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Университеттің 2022 жылғы түлегі
2023 жылдың жазында осы бағдарламаның бірінші түлегі дипломын сәтті қорғады. Оның екі ғылыми жетекшісі болды, ал диплом қорғау екі университетте кезекпен өтті.
"Біздің түлектер кәсіпорындардан дипломдық жұмыс тақырыптарын алады да, магистратураны тәмамдайтын уақытқа қарай толыққанды конструкторлық әзірлемелерін ұсынады. Олардың жұмыссыз қалмайтынына сенімдімін. Өйткені бүгінде Қазақстанда микроэлектроника дамып жатыр және бейіндік кәсіпорындарға мамандар қажет", - дейді Галина Косолапова.
© Photo : предоставлено НИУ МИЭТМЭТИ жоғары технологиялық кәсіпорындар үшін кадр дайындайды
Cтуденты из Казахстана осваивают высокие технологии - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
МЭТИ жоғары технологиялық кәсіпорындар үшін кадр дайындайды
Ол талапкерлерді ХХІІ Қазақстан халықаралық "Білім және мансап-2023" көрмесінде МЭТИ ҰЗУ-де оқу мүмкіндіктерімен танысуға шақырды.
"Көрме Алматыда 22-24 қарашада "Атакент" көрме орталығында өтеді. Сонымен қатар оқу орны 25-26 қарашада Астанада өтетін "Ресейде оқы" ресейлік білім берудің таныстырылым көрмесіне қатысады", - дейді ЖОО өкілі.
Жаңалықтар
0