https://sputnik.kz/20231024/maskeu-men-vashingtonnyn-oyy-bir-zherden-shyqty-39683621.html
Мәскеу мен Вашингтонның ойы бір жерден шықты
Мәскеу мен Вашингтонның ойы бір жерден шықты
Sputnik Қазақстан
"Біз Байден мырзамен толықтай келісеміз. Бұл оның айтқанымен біз толық келісетін сирек кездесетін жағдай", деді дүйсенбіде Ресей президентінің баспасөз хатшысы... 24.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-24T18:52+0500
2023-10-24T18:52+0500
2023-10-27T11:53+0500
мәскеу
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0e/17336887_0:133:3168:1915_1920x0_80_0_0_7e5a378cdf3200473da7cc44acd05d2e.jpg
"Біз Байден мырзамен толықтай келісеміз. Бұл оның айтқанымен біз толық келісетін сирек кездесетін жағдай", деді дүйсенбіде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Соңғы жылдары расында да Кремль мен Ақ үй арасындағы толық келісім туралы сөздер тым сирек естіліп жүр, деп жазды РИА Новости.Бұл толық келісімге Джо Байденнің сайлау науқанын қаржыландырушыларға арналған үгіт-насихат шарасында жасаған мәлімдемесі себеп болды. АҚШ президенті "Бізге жаңа әлемдік тәртіп керек" деп ашық айтты.Бірақ Батыс соңғы бірнеше жылда Ресей мен Қытайды қазіргі әлемдік тәртіпті бұзуға тырысып жатыр деп айыптап келді. Осыған байланысты Ресейге қарсы санкциялар енгізілді. Еуропалық Одақтың сыртқы саясат ведомствосының басшысы Жозеп Боррель өткен жылы мұндай шаралардың көмегімен дәл сол әлемдік тәртіпті Ресейдің қол сұғушылықтарынан қорғайтынын айтқан.Өткен жылдың көктемінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бүкіл баяндамасын Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан тәртіпті қорғау қажеттілігіне арнады. "Біздің мақсатымыз – осы әлемдік тәртіпті қорғау, сақтау және жандандыру", - деді ол.Либералды БАҚ та Ақ үйдің қолданыстағы әлемдік тәртіпті өзгерту ниетін жоққа шығару үшін қанша күш жұмсады. Мысалы, USA Today газеті Байденнің мұндай жоспары туралы теорияларды үзілді-кесілді жоққа шығарған бірнеше материал жариялады. Енді Байден бұл мәлімдемелерді жоққа шығарғандай өз жоспарларын ашық жариялап жатыр.АҚШ президентінің жопарын анықтау үшін оған баяндама дайындап беретіндердің мәлімдемелеріне құлақ түру керек. Осы ретте Блинкеннің өткен айда "жаңа дәуірдегі америкалық дипломатияның қиындықтары" тақырыбындағы негізгі баяндамасына жүгінген абзал. Онда ол қырғи-қабақ соғыстан кейінгі дүниежүзілік тәртіптің аяқталып, АШҺҚШ жетекшілігімен құрылатын жаңа тәртіптің басталғанын мәлімдеді. Байден қазір бұл өз әкімшілігінің ресми саясаты екенін растады.Бұл мәлімдемелерге қатысты бірінші болып Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон сөз қозғады. Ол өз мақаласында "Байден дұрыс айтады, Америка бостандық пен демократияға қарсы бағытталған зұлымдық континуумына қарсы соңғы үміт" деп жазды. Джонсон өз мақаласында Ұлыбритания бұдан былай әлемдік гегемон рөлін атқара алмайтынын, сондықтан ол бұл істі АҚШ-қа тапсырғанын мойындауға мәжбүр.Дегенмен Дмитрий Песков дәл осы тұста Ресей Вашингтонмен келіспейтінін айтты. Бастапқыда жаңа әлемдік тәртіптің құрылғанын жариялай отырып, Ресей басшылығы көпполярлы әлемге қол жеткізу бағытын жариялады. Бұл бағыт Қытай тарапынан толық қолдау тапты. Ал Байден, Блинкен, Джонсон және басқа идеологтар мүлде өзгеше тәртіпті құруға тырысып жатыр.Бұл тұжырымдаманы ресейлік саясаттанушы Сергей Михеев өте дәл сипаттады: "Батыс элитасы әлемді жалғыз басқаруды ұсынады. Олар "біз бәріңді басқарамыз, бұған бәрің риза болу керексіңдер" дейді.Бірақ бұл әлемдік тәртіпке ешкімнің көңілі толмайды. Вашингтон Ресейді әлемдік тәртіпті өзгертуге тырысып жатыр деп айыптап, бір мезгілде өзі де сол өзгерісті талап етіп жатыр. Ресейлік сенатор Алексей Пушков былай деп жазды: "АҚШ жаңа әлемді басқара алмайды, өйткені ол бар күшімен ескі әлемді ұстап қалуға тырысып жатыр".РИА Новости жазғандай, Вашингтон Ресей мен Қытайды ескі әлемдік тәртіпті жоюға ниетті деп айыптап, өзі соған ұзақ жармасқанымен, қазір оны сақтаудың мүмкін еместігін түсінді. Бұл туралы екі тараптың ой бір жерден шығып тұр. Алайда Байден командасы бірде-бір ел әлемдік тәртіпті жалғыз өзі қалыптастыра алмайтынын түсінбей отыр. Ал Мәскеу мен Бейжің Жаһандық оңтүстікті өз жағына тартып, көпполярлы әлемдік тәртіпке қарай ынтымақтасып жатыр.
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0e/17336887_220:0:2949:2047_1920x0_80_0_0_7738ca70e6b767a33c52f9c379f5fd9a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу
"Біз Байден мырзамен толықтай келісеміз. Бұл оның айтқанымен біз толық келісетін сирек кездесетін жағдай", деді дүйсенбіде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Соңғы жылдары расында да Кремль мен Ақ үй арасындағы толық келісім туралы сөздер тым сирек естіліп жүр, деп жазды
РИА Новости.Бұл толық келісімге Джо Байденнің сайлау науқанын қаржыландырушыларға арналған үгіт-насихат шарасында жасаған мәлімдемесі себеп болды. АҚШ президенті "Бізге жаңа әлемдік тәртіп керек" деп ашық айтты.
Бірақ Батыс соңғы бірнеше жылда Ресей мен Қытайды қазіргі әлемдік тәртіпті бұзуға тырысып жатыр деп айыптап келді. Осыған байланысты Ресейге қарсы санкциялар енгізілді. Еуропалық Одақтың сыртқы саясат ведомствосының басшысы Жозеп Боррель өткен жылы мұндай шаралардың көмегімен дәл сол әлемдік тәртіпті Ресейдің қол сұғушылықтарынан қорғайтынын айтқан.
Өткен жылдың көктемінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бүкіл баяндамасын Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан тәртіпті қорғау қажеттілігіне арнады. "Біздің мақсатымыз – осы әлемдік тәртіпті қорғау, сақтау және жандандыру", - деді ол.
Либералды БАҚ та Ақ үйдің қолданыстағы әлемдік тәртіпті өзгерту ниетін жоққа шығару үшін қанша күш жұмсады. Мысалы, USA Today газеті Байденнің мұндай жоспары туралы теорияларды үзілді-кесілді жоққа шығарған бірнеше материал жариялады. Енді Байден бұл мәлімдемелерді жоққа шығарғандай өз жоспарларын ашық жариялап жатыр.
АҚШ президентінің жопарын анықтау үшін оған баяндама дайындап беретіндердің мәлімдемелеріне құлақ түру керек. Осы ретте Блинкеннің өткен айда "жаңа дәуірдегі америкалық дипломатияның қиындықтары" тақырыбындағы негізгі баяндамасына жүгінген абзал. Онда ол қырғи-қабақ соғыстан кейінгі дүниежүзілік тәртіптің аяқталып, АШҺҚШ жетекшілігімен құрылатын жаңа тәртіптің басталғанын мәлімдеді. Байден қазір бұл өз әкімшілігінің ресми саясаты екенін растады.
Бұл мәлімдемелерге қатысты бірінші болып Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон сөз қозғады. Ол өз мақаласында "Байден дұрыс айтады, Америка бостандық пен демократияға қарсы бағытталған зұлымдық континуумына қарсы соңғы үміт" деп жазды. Джонсон өз мақаласында Ұлыбритания бұдан былай әлемдік гегемон рөлін атқара алмайтынын, сондықтан ол бұл істі АҚШ-қа тапсырғанын мойындауға мәжбүр.
Дегенмен Дмитрий Песков дәл осы тұста Ресей Вашингтонмен келіспейтінін айтты. Бастапқыда жаңа әлемдік тәртіптің құрылғанын жариялай отырып, Ресей басшылығы көпполярлы әлемге қол жеткізу бағытын жариялады. Бұл бағыт Қытай тарапынан толық қолдау тапты. Ал Байден, Блинкен, Джонсон және басқа идеологтар мүлде өзгеше тәртіпті құруға тырысып жатыр.
Бұл тұжырымдаманы ресейлік саясаттанушы Сергей Михеев өте дәл сипаттады: "Батыс элитасы әлемді жалғыз басқаруды ұсынады. Олар "біз бәріңді басқарамыз, бұған бәрің риза болу керексіңдер" дейді.
Бірақ бұл әлемдік тәртіпке ешкімнің көңілі толмайды. Вашингтон Ресейді әлемдік тәртіпті өзгертуге тырысып жатыр деп айыптап, бір мезгілде өзі де сол өзгерісті талап етіп жатыр. Ресейлік сенатор Алексей Пушков былай деп жазды: "АҚШ жаңа әлемді басқара алмайды, өйткені ол бар күшімен ескі әлемді ұстап қалуға тырысып жатыр".
РИА Новости жазғандай, Вашингтон Ресей мен Қытайды ескі әлемдік тәртіпті жоюға ниетті деп айыптап, өзі соған ұзақ жармасқанымен, қазір оны сақтаудың мүмкін еместігін түсінді. Бұл туралы екі тараптың ой бір жерден шығып тұр. Алайда Байден командасы бірде-бір ел әлемдік тәртіпті жалғыз өзі қалыптастыра алмайтынын түсінбей отыр. Ал Мәскеу мен Бейжің Жаһандық оңтүстікті өз жағына тартып, көпполярлы әлемдік тәртіпке қарай ынтымақтасып жатыр.