Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Купянск бағытында екі рота мен техникалар талқандалды – Ресей қорғаныс министрлігі

© Sputnik / Евгений Биятов Т-72 танкі
 Т-72 танкі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 қазан – Sputnik. "Запад" әскерлері тобы баспасөз орталығының бастығы Сергей Зыбинский Купянск бағытында Украина қарулы күштерінің екі рота әскері талқандалғанын хабарлады, деп жазды РИА Новости.
"Қарсы тарап екі рота әскер мен екі БТР М113, "Козак" жауынгерлік броньды машинасы, бір пикап, бір оқ-дәрі пунктінен айырылды", - деп нақтылады Зыбинский.
Зыбинский Ивановка, Сергеевка, Загоруйковка, Тимковка және Синьковка аудандарындағы әскери қимылдар кезінде "Запад" әскерлер тобының бөлімшелері авиация мен артиллерия атысының көмегімен 32-ші, 41-ші механикаландырылған, 57-ші мотоатқыштар мен 68-ші Ягер бригадаларының тоғыз шабуылын тойтарғанын айтты.
"Су-34 истребитель-бомбалаушы экипаждары Ковшаровка, Глушковка, Песчанный, Невский және Степовой Новоселовка аудандарындағы 41-ші және 43-ші механикаландырылған бөлімшелердің, 57-ші мотоатқыштар бригадаларының, 15-ші шекара жасағының және жетінші жеке атқыштар батальонының уақытша орналасу пункттері мен командалық-бақылау пункттеріне авиациялық соққылар жасады" - деді Зыбинский.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Тимковка аймағындағы баспаналарда 32-ші механикаландырылған бригаданың тірі күші жойылған.
Сондай-ақ Кололезный, Лозовой және Синьковка аудандарында батареяға қарсы күрес кезінде "Запад" тобы БМ-21 "Град" реактивті жүйесін, 152 мм Д-20 артиллериялық зеңбірегін және Украина қарулы күштерінің екі минометін жойған.
Жаңалықтар
0