https://sputnik.kz/20231024/euraziyalyq-damu-banki-tsifrlyq-bastamalardyn-kezekti-konkursyn-zhariyalady-39688631.html
Еуразиялық даму банкі цифрлық бастамалардың кезекті конкурсын жариялады
Еуразиялық даму банкі цифрлық бастамалардың кезекті конкурсын жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Цифрлық бастамалардың кезекті байқауына қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлады Еуразиялық даму банкі басқарма... 24.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-24T17:06+0500
2023-10-24T17:06+0500
2023-10-27T12:06+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15161162_0:66:3068:1792_1920x0_80_0_0_60b62fdd21fb57274ac209ab31b08a6b.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Цифрлық бастамалардың кезекті байқауына қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлады Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары, Цифрлық бастамалар қорының кураторы Тигран Саркисян Sputnik баспасөз орталығында өткен бейнекөпір барысында."Біз дәстүрлі түрде жобаларға жаңа конкурс жариялаймыз. Олар интеграциялық құрамды қамтуы және біздің елдерде бар ең жақсы цифрлық шешімдерді бүкіл еуразиялық кеңістікке таратуға бағытталған болуы керек. Қор белгіленген талаптарға сәйкес келетін жобаларды қаржыландыруға дайын", - деді Саркисян.ЕАДБ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, өтініштер 20 қарашаға дейін қабылданады. Өтініштерді fci@eabr.org электрондық поштасына жолдау керек. Конкурс шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.Сонымен қатар Еуразия кеңістігінде BEE-online.ru платформасы іске қосылғаны белгілі болды. Бұл платформа киім-кешек саласындағы тауар өндірушілер, сатушылар және жеткізушілер арасындағы ынтымақтастыққа бағытталған.Портал директоры Татьяна Белкевич мәлімдегендей, 1 қыркүйектен бастап жоба цифрлық бастамалар қорының көмегімен жүзеге асырылып жатыр. Сервис мүдделі тұлғаларға кез келген уақытта серіктес, жеткізуші, тұтынушы және тағы басқаларды табуға мүмкіндік береді. Платформа қосалқы қуаты бар өндірушілер, брендтер, дүкендер желісі, шикізат өндірушілер, жабдықтар мен керек-жарақ жеткізушілер үшін жасалған. Қазіргі уақытта платформа тобы деректерді қорғау және контрагенттерді тексеру бойынша жұмыс істеп жатыр.Бейнекөпірге қатысушылар біліктілік пен мамандықтарды дамытудың халықаралық платформасы ("Ворлдскиллс Россия" кәсіби шеберлікті дамыту агенттігі) туралы да айтты. Ол кәсіби дамудың бірқатар сервистеріне қол жеткізуді және озық халықаралық стандарттарды, технологияларды және қабілеттілік үлгілерін ілгерілетуді қамтамасыз етеді. Платформа www.inpdp.org сайтындағы веб-интерфейс арқылы қолжетімді.Тигран Саркисян мәлімдегендей, екі жоба да ЕАЭО елдерінің бизнесі мен азаматтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғандықтан қаржыландырылды. Ол жобаның жеңіл өнеркәсіп саласы үшін маңыздылығына тоқталды."Бұл шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай туғызатын және заманауи технологияларды пайдалана отырып, бүкіл ЕАЭО аумағында кооперативтік байланыстарды орнатуға мүмкіндік беретін халықаралық платформа. Платформа арқылы олар серіктестер мен өзіне қажетті нарықтарды таба алады. Бұл Еуразиялық кеңістіктегі жеңіл өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Саркисян.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15161162_185:0:2916:2048_1920x0_80_0_0_841235cd16a053413506ad5341191e65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Цифрлық бастамалардың кезекті байқауына қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлады Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары, Цифрлық бастамалар қорының кураторы Тигран Саркисян Sputnik баспасөз орталығында өткен бейнекөпір барысында.
"Біз дәстүрлі түрде жобаларға жаңа конкурс жариялаймыз. Олар интеграциялық құрамды қамтуы және біздің елдерде бар ең жақсы цифрлық шешімдерді бүкіл еуразиялық кеңістікке таратуға бағытталған болуы керек. Қор белгіленген талаптарға сәйкес келетін жобаларды қаржыландыруға дайын", - деді Саркисян.
ЕАДБ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, өтініштер 20 қарашаға дейін қабылданады. Өтініштерді fci@eabr.org электрондық поштасына жолдау керек. Конкурс шарттарымен
мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Сонымен қатар Еуразия кеңістігінде BEE-online.ru платформасы іске қосылғаны белгілі болды. Бұл платформа киім-кешек саласындағы тауар өндірушілер, сатушылар және жеткізушілер арасындағы ынтымақтастыққа бағытталған.
Портал директоры Татьяна Белкевич мәлімдегендей, 1 қыркүйектен бастап жоба цифрлық бастамалар қорының көмегімен жүзеге асырылып жатыр. Сервис мүдделі тұлғаларға кез келген уақытта серіктес, жеткізуші, тұтынушы және тағы басқаларды табуға мүмкіндік береді. Платформа қосалқы қуаты бар өндірушілер, брендтер, дүкендер желісі, шикізат өндірушілер, жабдықтар мен керек-жарақ жеткізушілер үшін жасалған. Қазіргі уақытта платформа тобы деректерді қорғау және контрагенттерді тексеру бойынша жұмыс істеп жатыр.
Бейнекөпірге қатысушылар біліктілік пен мамандықтарды дамытудың халықаралық платформасы ("Ворлдскиллс Россия" кәсіби шеберлікті дамыту агенттігі) туралы да айтты. Ол кәсіби дамудың бірқатар сервистеріне қол жеткізуді және озық халықаралық стандарттарды, технологияларды және қабілеттілік үлгілерін ілгерілетуді қамтамасыз етеді. Платформа www.inpdp.org сайтындағы веб-интерфейс арқылы қолжетімді.
Тигран Саркисян мәлімдегендей, екі жоба да ЕАЭО елдерінің бизнесі мен азаматтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғандықтан қаржыландырылды. Ол жобаның жеңіл өнеркәсіп саласы үшін маңыздылығына тоқталды.
"Бұл шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай туғызатын және заманауи технологияларды пайдалана отырып, бүкіл ЕАЭО аумағында кооперативтік байланыстарды орнатуға мүмкіндік беретін халықаралық платформа. Платформа арқылы олар серіктестер мен өзіне қажетті нарықтарды таба алады. Бұл Еуразиялық кеңістіктегі жеңіл өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Саркисян.