https://sputnik.kz/20231024/biyl-aleumettik-enbek-salasynda-360-mln-tenge-unemdeldi-39611217.html
Биыл әлеуметтік-еңбек саласында 360 млн теңге үнемделді
Биыл әлеуметтік-еңбек саласында 360 млн теңге үнемделді
Sputnik Қазақстан
Мұндай жетістікке мемлекеттік қызметті автоматтандырудың арқасында қол жеткізілді 24.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-24T14:38+0500
2023-10-24T14:38+0500
2023-10-24T14:48+0500
әлеуметтік сала
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744234_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_6191bde229906ff6e34663640f5503f7.jpg
АЛМАТЫ, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бюджеттен 360 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Автоматтандыру және электронды форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету биыл бюджеттен 360 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.Мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта көрсету дегеніміз, азаматтарға қызметті алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі, оң жауап жібергеннен кейін жәрдемақы тағайындау туралы шешім 1 күн ішінде автоматты түрде қабылданады.Жыл басынан проактивті форматта 4 қызмет көрсету процесі автоматтандырылды."Қазан айында жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қызметі толық автоматтандырылды. Осының арқасында қызмет көрсету мерзімі айтарлықтай қысқарды", – деді ЕХӘҚМ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Алихан Абельгазинов.Бұрын төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау туралы шешім қабылдауға 7 адам қатысып, ал процестің өзі 8 жұмыс күніне дейін созылатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744234_487:0:2736:1687_1920x0_80_0_0_786ad5a49225301011f5eb053c9ed207.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік сала
Биыл әлеуметтік-еңбек саласында 360 млн теңге үнемделді
14:38 24.10.2023 (жаңартылды: 14:48 24.10.2023) Мұндай жетістікке мемлекеттік қызметті автоматтандырудың арқасында қол жеткізілді
АЛМАТЫ, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бюджеттен 360 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Автоматтандыру және электронды форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету биыл бюджеттен 360 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.
"Бүгінде әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін 50 қызметтің 48-ін, яғни "95%-ін электронды форматта алу мүмкіндігі бар, ал олардың 29-ы проактивті форматта іске асырылды. Осы жылдың басынан бастап электронды форматта 14,1 млн қызмет, ал проактивті түрде 1 млн астам қызмет көрсетілді", - дейді министрлік.
Мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта көрсету дегеніміз, азаматтарға қызметті алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі, оң жауап жібергеннен кейін жәрдемақы тағайындау туралы шешім 1 күн ішінде автоматты түрде қабылданады.
Жыл басынан проактивті форматта 4 қызмет көрсету процесі автоматтандырылды.
"Қазан айында жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қызметі толық автоматтандырылды. Осының арқасында қызмет көрсету мерзімі айтарлықтай қысқарды", – деді ЕХӘҚМ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Алихан Абельгазинов.
Бұрын төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау туралы шешім қабылдауға 7 адам қатысып, ал процестің өзі 8 жұмыс күніне дейін созылатын.