Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қара теңіз флоты экипажсыз қайықтарды жойды

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуЧерноморский Флот России
Черноморский Флот России - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Жазылу
Қазір Севастополь шығанағының сыртқы рейдінде минаға және диверсияға қарсы іс шаралар жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 24 қазан — Sputnik. Ресей әскери күштері Украина әскери-теңіз күштерінің экипажсыз үш қайығын жойды, деп хабарлады Қара теңіз флотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.
"Жиырма төртінші қазанда Мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат төртте Қара теңіздің солтүстігінде техникалық бақылау арқылы Украина әскери-теңіз күштерінің экипажсыз үш қайығы табылды. Анықтау ауданы диверсияға қарсы зымыран-бомба кешендері арқылы жойылды", - делінген хабарламада.
Қазір Севастополь шығанағының сыртқы рейдінде минаға қарсы және диверсияға қарсы іс-шаралар кешені жүріп жатыр.
Бұндай оқиға бұған дейін де болған. Өткен сейсенбіде авиация Қара теңіздегі украиналық экипажсыз қайықты жойды. Осыдан бір апта бұрын ұшақтар Змейная аралының аймағында жаудың осындай үш кемесін талқандаған болатын.
Украин әскерлері Қырымдағы нысандарға үнемі дрондар арқылы теңізден шабуыл жасауға тырысады, сонымен қатар диверсиялық-барлау топтарын жібереді. Жетінші қазанда Украйн қарулы күштері С-200 кешенінің зымыранын ұшырды. Оны ресейлік әуе қорғанысы жойды.
Жаңалықтар
0