https://sputnik.kz/20231023/zansyz-zhekeshelendirigen-qazaqstannyn-investitsiyalyq-qory-memleketke-qaytarylyp-zhatyr-39584495.html
Заңсыз жекешелендірілген "Қазақстанның инвестициялық қоры" мемлекетке қайтарылып жатыр
Заңсыз жекешелендірілген "Қазақстанның инвестициялық қоры" мемлекетке қайтарылып жатыр
Sputnik Қазақстан
12 еншілес компания қордың бақылауына қайтарылды 23.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-23T16:16+0500
2023-10-23T16:16+0500
2023-10-23T16:19+0500
мемлекет
қаржы министрлігі
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18894133_0:0:2992:1683_1920x0_80_0_0_cef70c1b5d5b9612a6b18d5b8dbf92df.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын заңсыз жекешелендіруге қатысты істің мән-жайын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тергеу барысында "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингіне құны 63,3 млрд теңге болатын "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-сының 100% акциясы қайтарылды.Сотқа дейінгі тергеу басталғанда қордың Қазақстанның Даму Банкі алдындағы қарызы 18,7 млрд теңге көлемінде болды.Олардың қатарында металл конструкцияларын, жол және құрылыс битумын шығару, шиналарды және ірі қара малдың терісін қайта өңдеу, қағаз-картон өнімдері, желімделген ағаш конструкциялар, бағыттамалы бұрмаларды шығару зауыттары және полиграфия бар.Бұдан бөлек, инвестициялық қордың балансына Алматы қаласындағы бизнес-орталықтың ғимараты және Алматы облысындағы құны 1,6 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды."Сондай-ақ, "Dosjan Temir Joly" акционерлік қоғамын жылына небәрі 100 млн теңгеге 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жойылды. Кәсіпорынның 2022 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 1,3 млрд теңгені құрағанымен, бастапқы бағалау кезінде бұл ескерілмеген", - делінген ресми хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18894133_263:0:2992:2047_1920x0_80_0_0_afff9789db82130f1bf920cf202c00d1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекет, қаржы министрлігі, тергеу
мемлекет, қаржы министрлігі, тергеу
Заңсыз жекешелендірілген "Қазақстанның инвестициялық қоры" мемлекетке қайтарылып жатыр
16:16 23.10.2023 (жаңартылды: 16:19 23.10.2023) 12 еншілес компания қордың бақылауына қайтарылды
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын заңсыз жекешелендіруге қатысты істің мән-жайын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тергеу барысында "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингіне құны 63,3 млрд теңге болатын "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-сының 100% акциясы қайтарылды.
Сотқа дейінгі тергеу басталғанда қордың Қазақстанның Даму Банкі алдындағы қарызы 18,7 млрд теңге көлемінде болды.
"Агенттік қабылдаған шаралардың арқасында соның ішінде қолма-қол ақшамен өтеу есебінен (9,2 млрд теңге сомасына дебиторлық берешекті қайтару қамтамасыз етілді) берешек үш есеге төмендетілді (18,7 млрд теңгеден 6,3 млрд теңгеге дейін). Сонымен қатар, 12 еншілес компания қордың бақылауына қайтарылды", - дейді агенттік мамандары.
Олардың қатарында металл конструкцияларын, жол және құрылыс битумын шығару, шиналарды және ірі қара малдың терісін қайта өңдеу, қағаз-картон өнімдері, желімделген ағаш конструкциялар, бағыттамалы бұрмаларды шығару зауыттары және полиграфия бар.
Бұдан бөлек, инвестициялық қордың балансына Алматы қаласындағы бизнес-орталықтың ғимараты және Алматы облысындағы құны 1,6 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды.
"Сондай-ақ, "Dosjan Temir Joly" акционерлік қоғамын жылына небәрі 100 млн теңгеге 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жойылды. Кәсіпорынның 2022 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 1,3 млрд теңгені құрағанымен, бастапқы бағалау кезінде бұл ескерілмеген", - делінген ресми хабарламада.