https://sputnik.kz/20231023/tengri-bank-tin-buryngy-basshysy-10-zhylga-bas-bostandygynan-ayyryldy-39604311.html
Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
2015-2020 жылдары банкті басқарған Шайкенов 13 адамнан тұратын қылмыстық топ құрған 23.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-23T19:57+0500
2023-10-23T19:57+0500
2023-10-23T19:57+0500
банк
https://sputnik.kz/img/1377/64/13776400_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_081f39799db1bf0175b0382d97b6df89.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Tengri Bank-тің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырды деген айыппен сотталды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.2015-2020 жылдары банкті басқарған Шайкенов 13 адамнан тұратын қылмыстық топ құрған, деп хабарлады сот.Олардың көмегімен ол қарыз алушылардың төлем қабілетіне қарамастан заңсыз несиелерді рәсімдеген.Прокурор соттан Ш.-ны және жеті айыпталушыны 9 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, ал қалған алтауының әрқайсысын 1,5 жылдан бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушылар өз кінәсін мойындамады.Сот Шайкеновті 10 жылға бас бостандығынан айырды. Дәл осындай үкімді тағы бір сотталушыға шығарды.Алтауы бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ысырап етті және жымқырды деп танылып, олардың әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.Үшеуі бір және бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілсе, тағы екеуі ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.Шайкенов 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың мамырына дейін Tengri Bank басқармасының төрағасы қызметін атқарды. 2020 жылдың шілде айынан бастап Tengri Bank директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2021 жылдың ақпан айында банк мәжбүрлеп таратылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1377/64/13776400_114:0:1935:1366_1920x0_80_0_0_f54aa894c4c683a91618ebc1565b38e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк
Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды
2015-2020 жылдары банкті басқарған Шайкенов 13 адамнан тұратын қылмыстық топ құрған
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Tengri Bank-тің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырды деген айыппен сотталды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
2015-2020 жылдары банкті басқарған Шайкенов 13 адамнан тұратын қылмыстық топ құрған, деп хабарлады сот.
Олардың көмегімен ол қарыз алушылардың төлем қабілетіне қарамастан заңсыз несиелерді рәсімдеген.
"Сотталушылардың бұл әрекетінің салдарынан қаржы ұйымына жалпы сомасы 23,5 млрд теңге залал келтірілген", - деп жазылған хабарламада.
Прокурор соттан Ш.-ны және жеті айыпталушыны 9 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, ал қалған алтауының әрқайсысын 1,5 жылдан бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушылар өз кінәсін мойындамады.
Сот Шайкеновті 10 жылға бас бостандығынан айырды. Дәл осындай үкімді тағы бір сотталушыға шығарды.
Алтауы бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ысырап етті және жымқырды деп танылып, олардың әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үшеуі бір және бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілсе, тағы екеуі ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Шайкенов 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың мамырына дейін Tengri Bank басқармасының төрағасы қызметін атқарды. 2020 жылдың шілде айынан бастап Tengri Bank директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2021 жылдың ақпан айында банк мәжбүрлеп таратылды.