Сыртқы істер министрлігі Газада Қазақстан азаматының қаза болғанын растады

© Sputnik / Болат ШайхиновСыртқы істер министрлігінің ғимараты
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Жазылу
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза болған республика азаматының кім екенін нақтыламады
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Газада тұрған Қазақстан азаматының қаза болғанын растады.
"2023 жылдың 22 қазанында Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты. Өкінішке қарай онымен бірге Палестина азаматы болған 23 жастағы қызы да көз жұмды", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық әйел Газа секторында күйеуімен – Палестина азаматымен бірге ұзақ уақыт тұрған.
Газаның орыстілді тұрғынының қаза болғаны туралы ақпарат бір күн бұрын БАҚ-та жарияланды. Марқұмның кім екені Ресей Сыртқы істер министрлігіне хабарланды.
 Газа секторы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Газада Қазақстан азаматы қызымен бірге қаза тапты – Ресей министрлігінің ақпарат көзі
Жаңалықтар
0