https://sputnik.kz/20231023/qazaqstandyqtar-qytaydagy-aziya-para-oyyndarynyn-saltanatty-ashyluyna-qatysty-39567932.html
Қазақстандықтар Қытайдағы Азия пара ойындарының салтанатты ашылуына қатысты
Қазақстандықтар Қытайдағы Азия пара ойындарының салтанатты ашылуына қатысты
Sputnik Қазақстан
Спорттық додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады 23.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-23T08:00+0500
2023-10-23T08:00+0500
2023-10-23T08:00+0500
паралимпиада чемпионы
қытай
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/17/39567445_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_5f559c34bc2dad412aeb554fe55c9574.jpg
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Қытайдың Ханчжоу қаласындағы "Үлкен Лотос" олимпиада стадионында IV Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті.Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің туын пара волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жанғали Сүйеуов және пара үстел теннисінен халықаралық жарыстардың чемпионы Алтынай Ержанқызы ұстап шықты. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия Пара ойындарына қатысушыларды құттықтап, спортшыларымызды қолдауға шақырды. "Пара спортшылардың мұндай ірі додаға қатысуының өзі үлкен жеңіс. Тағдырдың тосын сынағына сынып кетпей, ерік-жігерінің, спортқа деген құштарлығының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр", - деді министр. Айта кетейік, қазанның 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 131- спортшымыз 14 спорт түрінен өнер көрсетіп, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/17/39567445_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_4efbdfad97baba92dfd22f7ea2f898b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
паралимпиада чемпионы, қытай
паралимпиада чемпионы, қытай
Қазақстандықтар Қытайдағы Азия пара ойындарының салтанатты ашылуына қатысты
Спорттық додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Қытайдың Ханчжоу қаласындағы "Үлкен Лотос" олимпиада стадионында IV Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің туын пара волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жанғали Сүйеуов және пара үстел теннисінен халықаралық жарыстардың чемпионы Алтынай Ержанқызы ұстап шықты.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия Пара ойындарына қатысушыларды құттықтап, спортшыларымызды қолдауға шақырды.
"Пара спортшылардың мұндай ірі додаға қатысуының өзі үлкен жеңіс. Тағдырдың тосын сынағына сынып кетпей, ерік-жігерінің, спортқа деген құштарлығының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр", - деді министр.
Айта кетейік, қазанның 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 131- спортшымыз 14 спорт түрінен өнер көрсетіп, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.